1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Кентау қаласы Қарнақ ауылында жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ойын алаңша ауылдың белсенді кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен жүзеге асырылуда. Игі шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов демеуші болған жандарға алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа ойын нысанының пайдалануға берілуімен құттықтады.
Сонымен қатар, қала әкімі белсенді ауыл тұрғындарын ауылдың дамуына қосқан үлестеріне ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
– Ауылдың белсенді тұрғындары мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де жыл соңына дейін ауылдағы аулаларға бірнеше ойын алаңшаны салып беру жоспарланған. Осындай игі істер өзге ауылдарға да үлгі болып, ауылдың әлеуетін дамытуға атсалысса екен деймін, – дейді қалалық маслихат депутаты Бекзат Хабибов.
Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жанашыр ауыл тұрғындарына ризашылықтарын жеткізді.
Тарихы терең Қарнақ ауылында пайдалануға берілген алаңшасы барлық стандарттарға сай, 0,5 га аймақты алады. Онда жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырылған. Бір мезгіл баласымен барған ата-аналарға тыныстап демалуға арналған жайлы орындықтар қойылған. Мұндай ойын алаңшасы осымен үшінші рет ауыл балаларына табысталуда. Ауылдың белсенді тұрғындары жыл соңына дейін әлі үш алаңша табыстауды жоспарлаған. Бүгінде аталған ойын алаңшалардың құрылысы жүруде.
. Бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі Арыс қаласында үш саябақта, және ерекше балаларға арналған орталықтарда ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті. Бұл күні қалада қоғамдық көліктер 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін қызмет көрсетті. Сондай-ақ демеушілер есебінен балалар қаладағы саябақтарда батуттар, аттракциондар мен карусельдерде тегін ойнады. Қалалық Мәдениет үйінде Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздардың қатысуымен «Балдәурен 2024» ән байқауы ұйымдастырылды.