Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Жетісай ауданында да жоғары деңгейде өтті.
Бұған дейін де 1 қала мен 1 кенттің, 7 ауылдық округтің әкімін жаңа жүйе бойынша сайлаған жетісайлықтар 2024 жылдың 2 маусымында Қазыбек би және Абай ауылдық округтерінің әкімдерін сайлады.
Саяси додада көпшіліктің күдігін сейілтіп, елдің сеніміне ие болған, сайлауда жоғары дауыс жинап әкімдік лауазымға лайықты деп танылған азаматтарды Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Серіков сайлау комиссиясының шешімі мен қызметтік куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. Шараға жергілікті ақсақалдар мен бірқатар мекеме басшылары қатысты.
«Әрбір азамат саясатқа тікелей қатысып, ауыл басшылығын өзі сайлауға қатысып дауыс беруі және әкімнің әрі қарай жұмысына сенім білдіруі жергілікті өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асырылуына әсерін тигізеді.
Өз кезегінде, сайланған әкімдер ең алдымен өз ауылдарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы мәселелерін қажетті инвестицияларды тарту және қаржыландыру арқылы шешуге тырысуы тиіс.
Тұрғындар мен әкімнің арасында ешқандай да кедергі болмауы керек. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының орындалуының бір көрінісі деп білемін» деген аудан басшысы сайланған әкімдерге елді мекендердегі қордаланған мәселелерді шешуді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жоғарылатуды қадап тапсырды. Алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі.
Қазыбек би ауылдық округі әкіміне сайланған Мутаев Нұрлыбек Сағынбекұлы 1987 жылы 26 наурызда Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2008 жылы Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде мұғалім болып бастап, 2015 – 2016 жылдары Жетісай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық «Жетісай» мәдениет үйінің қызметкері болып жалғастырған.
2017 – 2018 жылдары Жетісай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының» психологы;
2018 – 2020 жылдары Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының» сектор меңгерушісі;
2020 – 2023 жылдары Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы;
2023 жылдан бүгінгі таңға дейін Түркістан облысы Еңбек мобильділігі орталығының Жетісай аудандық «Мансап» орталығында маман қызметін атқарған.
Отбасылы, бір ұлы бар.
Ал, Абай ауылдық округі әкіміне сайланған Оспанов Бағдат Жанайұлы 1980 жылы 18 тамызда Шымкент облысы, Киров ауданында туылған.
12.08.2004 –12.10.2004 жылдары Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің аппаратында мәдениет және әлеуметтік сала бойынша маман міндетін атқарушы;
13.10.2004 – 15.04.2005 жылдары Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің аппаратында мәдениет және әлеуметтік сала бойынша маман;
15.04.2005 – 20.03.2013 жылдары Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-заңгер;
20.03.2013 – 10.09.2018 жылдары Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің орынбасары;
10.09.2018 – 17.06.2020 жылдары Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің орынбасары;
18.06.2020 – 28.09.2020 жылжары Жетісай ауданы, Абай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;
29.09.2020 жылдан бүгінгі таңға дейін Жетісай ауданы, Абай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген.
Отбасылы. 5 перзенті бар.