Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы атқарылып жатқан тазалық жұмыстарын, қаланы дамыту жоспары бойынша берілген тапсырмаларды саралау үшін жаяу аралады.Сонымен қатар, аудан Сарыағаш қаласының санитарлық тазалық жұмыстары және «Рамадан» каналының бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен сауда дөңгершектерінің орналасуын арнайы барып, бақылады.
Қалаға қарасты С.Исмайлов көшесінен бастап Майлықожа көшесіне дейін жаяу аралаған аудан басшысы Арман Абдуллаев аудан әкімінің орынбасары М.Байгабуловқа және Сарыағаш қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ш.Жуматаевқа қала тазалығын үнемі бақылауда ұстауды және Б.Ермеков көшесі мен қиылысқан «Рамадан» каналы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен сауда дөңгершектердің заңдылығын тексеру бойынша тапсырмалар жүктеді. Оған қоса, «Дәулет» және «Алып» базар аумағындағы көлік кептелістерін шешу жолдары бойынша ұсыныстар енгізуді және ретсіз саудаларды болдырмау мақсатында іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды.
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Аталған жиынға аудан басшысы Арман Абдуллаев,аудандық мәслихат төрағасы С. Тасқұлов, «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Оңтүстік ауыз су» филиалының бас инженері Б.Жамбосинов, «Қазсушар» РМК Сарыағаш аудандық филиалының директоры Т.Нургалиев, аудан әкімінің орынбасары М. Байгабулов, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Комиссия отырысын аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов жүргізіп, күн тәртібіндегі ауыз су мәселесіне тоқталды.
Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі мәселе кеңінен талқыланып шешудің нақты ұсыныстар айтылып, жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. «Қазсушар» мекемесімен әкімдік бірлесе отырып тозығы жеткен құбырларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдерімен салық мамандары қатысты.
Мәжілісте «ауылдық округ кесіндісінде мүлік және көлік берешектерін өндіру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай баяндама жасады.
Мәжілісті қорытындылай келе аудан әкімі:
-Бізде атқарылып жатқан жұмыстың аналитикасы болуы қажет, сонда ғана нәтиже болады,-деп баяндамашыға мәжіліс барысында бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселе кеңінен талқыланып нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп, нақты мерзімін көрсетіп, сол бойынша жұмыстар жүргізу қажет екенін атап өтті.