Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі О.Ыбрай Дарбаза ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және әдеп кодексін талаптарын, сондай-ақ іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру мәселелері бойынша жиын өткізді.
Жиын барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен өзгерістер енгізілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ, басшыларға мекемелердегі ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнама нәтижелері, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылып, кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы – әдеп жөніндегі уәкілі Омархан Ыбрайдың төрағалығымен Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратында көшпелі мәжіліс өтті.
Кездесуге Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері, ауыл билері, тұрғындары және кәсіпкерлері қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды, атап айтқанда:
– Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделі» жөнінде ауыл билеріне, тұрғындары мен белсенділеріне мәлімдеме жасалды.
– Қызылжар ауылдық округінде қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған мәселелері, оның ішінде тазалық пен абаттандыру мәселелері тұрғындар арасында көтеріліп, шешу жолдары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және әдеп кодексін сақтамау фактілерін болдырмау бағытында орын алуы мүмкін тәуекелдерді жою шаралары ауыл тұрғындарымен талқыланып, ұсыныстары назарға алынды.