Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Түркістан өңіріндегі 8 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Биыл Түркістан өңіріндегі 8 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, Кентау қалалық орталық ауруханасы, Келес аудандық «Абай» ауруханасы, Бәйдібек ауданындағы «Боралдай» БМСКО нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Кентау қалалық орталық ауруханасының жөндеу жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қалған 2 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сайрам аудандық орталық ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, республикалық бюджетке ұсынылды. «Облыстық балалар ауруханасы», «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы, Созақ аудандық орталық ауруханасының, жалпы 4 жобаның ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Бұл жобалар 2025 жылға өтпелі. Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының жалпы 77% аяқталды. Бұл жұмыстарға 300 адам тартылған. Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, жобаның есептері қайта жасалып, дайын ғимаратты сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ірі медициналық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған 10.06.2024 18:100201 «Түркістан қаласындағы 210 төсек орындық облыстық балалар аураханасының құралысы» жобасы әзірленуде. Түркістан өңірінде ірі медициналық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Атап айтсақ, «Сарыағаш қаласында перинаталды орталығы бар медициналық кешен құрылысы» бойынша Сарыағаш қаласынан 10,5 гектар жер телімі бөлініп, перинаталдық орталық құрылысының жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы» жобасы бойынша Темірлан ауылында 8 гектар жер телімі бөлініп, құрылысына жобалау жұмыстары жүргізілуде. «Түркістан қаласында жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы» бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорымен келіссөздер жүргізілді. Құрылыс жобасына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі таңда демеуші тарапынан мердігермен келісімшартқа тұру бойынша ресми келісім күтілуде. «Түркістан қаласындағы 210 төсек орындық облыстық балалар аураханасының құралысы» жобасы әзірленуде. Денсаулық сақтау саласында білікті кадрлар даярлауға да үлкен мән берілуде. Кадрлар даярлау бойынша 2023 жылы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға 60 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 650 грант бөлінген болатын. Биыл резидентураға 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлу жоспарланып отыр. Медициналық-техникалық жарақтандыру бойынша өткен жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 10,5 млрд теңгеге 712 дана, оның ішінде, ауыр (маңызды) 32 медициналық құрал-жабдық және 75 дана IV санаттағы жедел-жәрдем автокөлігі сатып алынды. Ал 2024 жылы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы трасферттер есебінен 6 млрд теңге қаржы қарастырылып, 17 дана ауыр медициналық техника алу жоспарлануда. Айта кетейік, Түркістан облысының денсаулық сақтау құрылымына 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым (8 облыстық деңгейдегі аурухана, 2 балалар ауруханасы, 3 қалалық аурухана, 17 орталық аудандық аурухана және аудандық аурухана, 5 оңалту орталығы, 4 емхана, 6 басқа мекемелер) және 130 жекеменшік мекеме бар.