Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылдық округі, Берген Исаханов ауылындағы көше қиылысына шаңырақ іспеттес нысанның құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мердігер мекеме тарапынан атқарылуда. Қақпаның құрылысы маусым айында аяқталып, ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, ол жерде балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар мен жарықшамдар орнатылуда..
Айта кетсек, ауыл атауы Кеңес Одағының батыры Берген Исахановтың құрметіне аталған. Бүгінде ауылда 300-ден астам отбасы тұрады. Ауылға табиғи газ жыл басында беріліп, 80 отбасы қамтылған. Ал ауыз суға 249 абонент қосылған. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Urker» жазғы сауықтыру лагері іске қосылды. Демалыс аймағының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов арнайы қатысты.
«Жазғы демалыста лагерьдің іске қосылғаны – балаларымыз үшін қуанышты хабар. Енді балаларымыз жазғы уақыттарын ата-анасынан жырақта емес, жақын маңайдағы табиғаты керемет аймақта өткізетін болады. Демалып қана қоймай, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алмақ. Осындай игі істі қолға алған азаматтарға алғысымыз шексіз» – деді қала әкімінің орынбасары.
Аталған жазғы сауықтыру лагерінде 450 бала 3 ай бойы тынығады. Онда жоспар бойынша балаларға қызықты іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Лагерь аумағында бассейн, түрлі спорт алаңдары орнатылған. Лагерьдің жалпы аумағы – 20 гектар. Алдағы уақытта қосымша тағы 300 балаға арналған ғимарат бой көтермек. Одан бөлек, демалыс аймағы, гольф алаңы, үлкен бассейн, ипподром, этноауыл және үлкен теннис алаңы салынбақ. Түркістан облысындағы аудан, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда. Кентау қаласында қала тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында 2 үйдің құрылысы басталды. Аталған нысанның құрылысы қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Сами Строим» ЖШС. Көпқабатты тұрғын үйлер жеке инвестор есебінен салынуда.
Тұрғын үйлер 3 қабатты 30 пәтерлі. Жалпы пәтер көлемі 858,0 шаршы метрді құрайды. Екі тұрғын үй кешенінде 30 пәтерден болады. Оның ішінде, 2 бөлмелі 12 пәтер және 3 бөлмелі 13 пәтер бар.
Қазіргі таңда қазандықты қазу жұмыстары басталды. Тұрғын үйлерді 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Тұрғын үйлер стандарттарға сай бой көтеріп, аулалары балалар ойын алаңшасымен және көлік тұрағымен қамтылады.