Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және басқармалары мамандары Қазақстан Республикасы және Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің аттарынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Алдымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы бейнебайланыс арқылы департамент ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, сала ардагерлеріне және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің күн сайын жоғары кәсібилік пен өз ісіне адал қызмет етіп жүген барлық мамандарына алғысын білдірді.
– Құрметті әріптестер, осы мереке күні сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге еңбекте табыс, жоғары жетістіктер тілеймін. Қызметтеріңіз сіздерді тек биіктерден көрсетсін. Әрқашан бақытты, белсенді, сүйікті және позитивті болыңыздар! Мереке құтты болсын, – деді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Серікбайқызы.
Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының міндетін уақытша атқарушы Бахтыораз Елемесов барша санитарлық дәрігерлерге алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жұқпалы аурулармен күресуде жүзеге асырылатын медициналық шаралардың ішінде халықты вакцинациялау жетекші орындардың бірі болып табылады. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен өткен жиында ағымдағы жылдың бес айында Түркістан облысында 18 жасқа дейінгі балаларды толықтыра егу және жоспарлы профилактикалық егудің деректері талқыланды.
Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Мұхит Бейсенбай баяндамасында 2024 жылға 5 айға профилактикалық егу төртінші нысан және біріңғай халық тіркелімі бойынша қамту көрсеткіштері мен 18 жасқа дейінгі балаларды толықтыра егу деректері жайлы кеңінен баяндап, кемшіліктерді атап өтті.
Жиын барысында сумен қамтамасыз ету объектілерінің санитариялық қағидалары, жұмыс уақытынан тыс мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысы талқыланып, шешу жолдары айтылды. Жұмыс барысыныда туындайтын сұрақтарға жауап алынып, тиісті ұсыныстар берілді. Түркістан облысының бас санитар-дәрігері Нұрбек Садықбекұлы департаментке қарасты басқарма басшыларына жергілікті тиісті органдарға профилактикалық екпемен қамту жұмыстарын жандандыру және оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттілігі туралы тиісті тапсырмалар берілді.