basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңа Қазақстан

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ – ЖЕТІСАЙДА

Шілде 4, 2024
in Жаңа Қазақстан
0
ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ – ЖЕТІСАЙДА
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Жетісай аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерімен және Жетісай ауданының зиялы қауым өкілдерімен, ардагер ақсақалдармен кездесу өткізді.

Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Е.Ералиев, аудан әкімі С.Мамытов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы А.Қайназаров қатысты. Кездесу барысында фракция мүшелері аудандағы өзекті деп табылатын білім, денсаулық және аймақтағы экономикалық мәселелерді зерделеді. Зиялы қауым өкілдері тарапынан да Парламент Мәжілісі депутаттарына бірқатар талап-тілектері мен ұсыныстар айтылды. Жиын соңында аудан ақсақалдары Мәжіліс депутаттарының жұмыстарына сәттілік тілеп, елдің ахуалын билік өкілдеріне жеткізе беруіне тілектестік білдірді.

Одан соң мандат иелері Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымымен және аудандағы белсенді жастармен кездесті. Кездесу оңтүстік өлкедегі педагогикалық мамандармен қамтамасыз ететін алғашқы қарашаңырақ білім ордасының ғимаратымен танысудан басталды. Колледж директоры Л.Баймаханова ұстаздардың, студенттердің білім деңгейін, жеткен жетістіктерін көрсетіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар колледж жатақханасы ғимаратын көрсетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасауды өтінді.

Еркін форматта өткен жастармен кездесу барысында жастар өздерінің бірқатар ұсыныс, тілектерін жеткізді. Келешекте жастарға арналған қандай жобалар болатынын сұрады.

– Сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын, – деп бастады өз сөзін жалынды жастардың алдында Парламент Мәжілісі депутаты Нұрсұлтан Төленұлы. – Мен де Сіздер сияқты жас буын өкілімін. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жастарымыздың білім мен біліктілігінің сапасына, олардың ықыласы мен ынтасына байланысты – деп атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Все реакции:

31Тауекел Ардақ, Алпамыс Қалботаев и ещё 29

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН «АБАЙ ЖҮЛДЕСІ» АТТЫ ТУРНИР ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛЕНЕ ТҮСЕДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі