basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «BEST STARTUP» ҮЗДІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ИДЕЯСЫ МЫҚТЫ ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

Маусым 27, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «BEST STARTUP» ҮЗДІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ИДЕЯСЫ МЫҚТЫ ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және “Шаңырақ” жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, отандық инновациялық жобаларды іске асыруға көмектесу, оларды ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу.

Бағдарламаға қатысу үшін 130 адам өтінім беріп, шешуші кезеңіне 20 жоба қабылданды.

Байқауда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар бөлімінің маманы Талғат Әбілпия, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, Түркістан облысы «Атамекен» ҰҚП бөлім басшысы Әзірет Талғатұлы төрелік етті.

“Көп адамдармен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алдым. Аталған жоба аясында Сарыағаш ауданына да келіп, ақпараттандыру жқмыстары жүргізілді. Жоба жазуды үйрену барысында өзімнің ойымдағы идеяны жазып, бүгін жеңімпаз атандым. Жоба арқылы кәсіп ашып, алдағы уақытта да дамытамын деген сенімдемін”, – деді І орын иегері Туралы Темірлан

Байқауда мына жастардың бағы жанды:

1-орын: Туралы Темірлан (Табиғи қытырлақтар өндіру (чипсы) – 500 000 тг

2-орын: Райымжан Ақерке (Білім беру орталығы) – 300 000 тг

3-орын: Токтан Оидин (Премиум саласындағы қораптар өндіру) – 100 000 тг

4-орын: Тілеген Базаркелді (Тұрмыстық химиялық өнімдер өндіру және сауда айналымы) –100 000 тг

Сонымен қатар қатысқан барлық қатысушыға 70 000 тг көлемінде ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар берілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ 68%-ҒА ӨСКЕН

Next Post

Алматыда журналистердің қауіпсіздігін нығайту мәселелері талқыланды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі