basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Маусым 27, 2024
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай өңіріміздегі бір топ журналистермен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қоғаммен кері байланыс орнатудағы БАҚ-тың рөліне тоқталып, журналистердің өңіріміздің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Ол сөз сөзінде: «Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл үлкен күш. Билік пен халықтың арасын байланыстырып, біздің назарымыздан тыс қалып жатқан өзекті мәселелерді көтеріп, олардың оң шешімін табуына үлес қосып келесіздер. Ақпарат тарату, жеткізу қай кезеңде де қоғам өмірінде айрықша орын алған болса, бүгінгі жаһандану дәуірінде оның маңыздылығы бірнеше есе арта түскен. БАҚ саласы билік пен қоғамның арасында ортасына алтын көпір бола береді деген сенімдемін. Аудан игілігі үшін бірлесе жасайтын жұмыстарымыз жалғасын таба берсін», – деді.

Келелі кездесуде өңірімізге белгілі Балтабек Түйетаев, Әсет Әссанди, Ерсұлтан Әмірбек, Фазылбек Тұтқабай, Дәурен Әбдіраманов, Қайрат Кәрібаев, Азат Дидарбек, Айгүл Мамыт, Базаркүл Қалбыр, Қаламқас Ботабекова, Салтанат Нұрдәулетқызы секілді ақпарат саласының мамандары жүрекжарды лебіздерін айтып, аудан басшысының журналистер қауымына деген құрметіне шынайы ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, ауданның жылнамасына айналған «Отырар алқабы» газетінің ардагер журналистері Рысбек Құлжан, Әбдімәлік Белгібай, Оразбай Мұратовтар мен жас қаламгер Азат Әмірбеков те ыстық ықыласқа толы ізгі тілектерін айтып, алғысқа толы сезімдерін ерекше тебіреніспен жеткізді.

Жиында жоғары кәсіби шеберлігі үшін БАҚ қызметкерлеріне және аудандық журналистиканы дамытуға айрықша үлес қосқан медиа майталмандарына аудан әкімінің «Алғыс хаттары» мен бағалы силықтар табысталды.

Previous Post

Алматыда журналистердің қауіпсіздігін нығайту мәселелері талқыланды

Next Post

АЙБОЛ САБЫРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі