Түлкібас ауданында облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік өтті.
Іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ, кенттер мен дербес бөлімдерден құралған 25 мекеменің мамандары мен ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар және басқарма қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ 15 дана күл-қоқыс шығаруға арналған арнайы техника жұмылдырылды.
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесен әр мекемеге 10 шақырымнан астам жол бойын бөліп, шөп ору, қураған талдарды кесу және күл-қоқысты жинау сынды жұмыстардың сапалы орындалуын бақылады.
Сонымен қатар Машат шатқалында өткен сенбілікте спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сенбілікке қатысушылар «арқан тартыс», «нысана көздеу», «асық ату», «ләңгі тебу», «гир көтеруден» жарысты. Нәтижесінде
Түркістан облысы әкімі
«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Созақ ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Атқарылған жұмыстар барысында аудандағы 38 шақырым көше бойлары мен 18 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Сондай-ақ, өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигондарға 87 тонна қоқыс тасымалданды.
Одан бөлек, Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағындағы тал көшеттері суғарылды.
Жалпы сенбілікке 2 мыңнан астам мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен белсенді жастар қатысты. Сондай-ақ, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы аудандағы тазалық шараларында аялдамалар, ішкі көшелер мен жол бойлары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды жүруде. Бұл акцияға кентаулықтар да белсенді қолдау көрсетіп келеді.
Бүгінгі сенбілікке қаладағы 33 мекеменің қызметкерлерінен құралған 200-ге жуық азамат қаланы қоқыстан тазарту жұмысына қатысты. Экобелсенділер өздеріне бекітілген аймақтардағы арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан, жасыл жекелектің түптері мен жол жиектерін арам шөптерден, қураған бұталардан тазартты.
Жиналған қоқыстар мен кесілген ағаштар, орылған шөптерді тазартуға коммуналдық мекеменің қызметкерлері мен 5 техника жұмылдырылды. Сенбілік аясында 20 тоннадай қоқыс полигонға шығарылды. Жалпы қалада аллеяларды ретке келтіру, тал түптерін әктеу, гүлдер мен талдарды суғару, арамшөптерді ору, көшелердегі тазалық шаралары күнделікті жүзеге асырылып келеді.