basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қараша 19, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістанда халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына жолдама алған Гран-при иегеріне табыс тіледі. Түркістанда ХХVI халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Түркістанда халықаралық ХХVI «Қазақ романсиадасы» жас орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мұндай халықаралық байқаулардың маңызы жоғары екеніне тоқталып, желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына жолдама алған Гран-при иегеріне табыс тіледі.

Түркістан облыстық әкімдігі мен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінен 60 үміткер қатысып, байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынады. Қазақ және орыс тілінде романс орындаған үміткерлердің өнеріне Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбекстанның халық әртісі, Науаи атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театрдың жетекші солисі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Қазақтың кәсіптік өнері кафедрасының доценті Гүлзат Бейсенқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана опера» жетекші солисі Талғат Мұсабаев, сонымен қатар гала-концерт қонағы «Романсиада-2018» орыс романсиадасы жас орындаушылар байқауының бірінші премиялық лауреаты, опера әншісі Николай Землянских төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен Гран-при Нұрсұлтан Ануарбекке (Астана) бұйырды. Сондай-ақ «Қазақ романсы» бағытында 1-орынды Алижан Қазбеков (Павлодар), Саят Сақитжан (Астана), 2-орынды Ораз Мұхамедияр (Шымкент), 3-орынды Акобиржон Собиржонов (Наманған), Назым Дәулетқызы (Алматы), «Орыс романсы» бағытында бойынша 1-орынды Асқат Байышов (Бішкек), Алтынбек Арыстанбек (Астана), 2-орынды Ахрорбек Абдукаххоров (Ташкент), Жаннұр Бердібекова (Астана), Роман Чеснов (Бішкек) 3-орынды Симак Сатыбалдиев (Бішкек), Данияр Айткужинов (Алматы) иеленді. «Романсиада аруы» номинациясымен Жанель Мұратбек (Шымкент), «Романсиада үміті» номинациясымен Нұрсәндібек Жақсылық (Қызылорда), Аружан Ишанбек (Қызылорда), Айжан Пернехан (Шымкент), Мағжан Өмірбеков (Алматы), «Әртістік шеберлігі мен жарқындығы» номинациясымен Ұлан Асеков (Бішкек), «Романтикаға адалдығы үшін» номинацисымен Жәнібек Болатов, (Астана), Бақыт Қыдырбаев (Нүкіс), Әзизбек Усмонов (Ташкент) марапатталды. ТЕГТЕРТүркістан облысы

Previous Post

Түркістанда жастар спартакиадасы мәресіне жетті

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі