basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЫСТЫҚ ШАЙ ТАРАТТЫ

Қаңтар 9, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЫСТЫҚ ШАЙ ТАРАТТЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Күннің суығы мен ызғары сүйектен өтсе де біз тұрып жатқан өңірдің тазалығы үшін, қозғалыстың еркін болуы мен жолдардың ашық болуы үшін қоғам игілігіне жұмыс жасап жүрген жандарға жылу сыйлау мақсатында рухтастар “Кел, шай ішейік!” акциясын өткізді. Тәттілер мен ыстық шай ұсынып көңілге демеу болар жылы лебіздерімен, көпшіліктің алғысын жеткізді. Түркістанда өңір жастары еңбек адамдарына жылулық сыйлады. Олар киелі шаһардың тазалығына үлес қосып жүрген 100-ге жуық адамға тегін шай мен ыстық нан таратты. Аталған іс-шараны облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Орталық мамандары мен еріктілер қала көшелерінде, аялдамаларда және саябақтарда өткен шараға белсене қатысты. Осылайша тұрғындардың ақ батасын алып қайтты. «Волонтерлер үнемі келіп, көмектесіп тұрады. Қыз-жігіттерге алғысымызды білдіреміз. Мұндай аязды күндері бір шыны-аяқ шайдың өзі денеге де, жүрекке де жылу сыйлайды» деп қала тұрғыны өз тілегін жеткізді.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, қайырымдылықты насихаттау, жастарды үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Аяз уақытында қала тұрғындарына және қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып, көше тазалығымен айналысып жүрген азаматтарға ыстық шай ұсынуы адамдардың жандарына жылу сыйлап, көңілдерін жібітті.

Ал «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенді жастары «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының қызметкерлері партияның “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы және “Таза Бейсенбі” экологиялық акциясы аясында ардагерлердің ауласын қардан тазалау жұмыстарын атқарды.

Партияластар, белсенді жастар Бәйдібек ауданы Алмалы ауылының тұрғыны, жалғызбасты Қарлығаш Байтемірова әжейдің қар басып қалған ауласын тазартып, отынын бұтап, үйін ретке келтіріп берді. Қарт әжей қолғабыс жасаған ерікті жастарға және филиал қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Next Post

"ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" МАҚСАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі