basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҰЛТТЫҚ ҚОР — БАЛАЛАРҒА»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 920 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА ҚАРЖЫ АУДАРЫЛҒАН

Қаңтар 10, 2025
in Жаңалықтар
0
«ҰЛТТЫҚ ҚОР — БАЛАЛАРҒА»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 920 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА ҚАРЖЫ АУДАРЫЛҒАН
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы басталған болатын. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептеліп, барлық балаларға алғашқы қаржы аударылды. Жалпы еліміз бойынша бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелген. Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшеріндегі сома аударылды. Ал Түркістан облысы бойынша 922 841 балаға қаржы аударылған болатын.

Енді жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен сома ұлғайып отырады. Сондай-ақ, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында одан әрі инвестициялануын жалғастырады. Ол бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс алып келмек.

Атап кету керек, бағдарлама іске қосылған алғашқы 10 күн ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін нысаналы жинақ төлемін алуға берілген 41 өтінім, ал білім беру ақысын төлеу мақсатында 42 өтінім түсіп, БЖЗҚ уәкілетті операторға өтінім берген азаматтардың банктік шотына аудару үшін төлем жүргізген.

Өскелең ұрпақ үшін ұлттық байлықты біркелкі бөлу мүмкіндігі алғаш рет Ұлттық қор құрылғаннан бері (2001 жылдан бастап) берілді.
Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға»жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі.
Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді.
Инвестициялық табыстың ықтимал теріс мәндерін жекелеген уақыт аралықтарында нивелирлеу мақсатында инвестициялық табыс мөлшерлемесін есепті кезеңге өткен 18 жылдағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарлануда.
18 жасқа дейінгі баланың жинақталуының болжамды сомасы шамамен 3,5 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін.      Бұл сома капитал нарығының құбылмалылығын ескере отырып, Тарихи деректер негізінде есептелген және әлемдік экономиканың конъюнктурасына байланысты түзетілуі мүмкін.

 Жобаны іске асыру механизмі қандай?

Жоба келесідей жүзеге асырылады.

  1. Шоттар «БЖЗҚ» АҚ-да (екінші деңгейдегі банктерге жүгіну талап етілмейді) Әділет министрлігінің жеке тұлғаларының дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылатын болады.
  2. Жыл сайын қаңтар айындажобаға қатысқан сәттен бастап 18 жасқа толғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-дағы балалардың шоттарынашартты түрде қаражат есептелетін болады.

Мысалы, егер бала жоба басталған кезде 5 жаста болса, оған жыл сайын 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі есептелетін болады.

  1. Жобаға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалар қатысады.
  2. Егер 18 жасқа дейінгі бала елден кетіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, онда төлемдерге талап қою құқығы жоғалады. Қаражат барлық балалар арасында қайта бөлінеді. Бала елден 18 жасқа дейін азаматтығы ауыспай кеткен жағдайда төлемдерге талап қою құқығы сақталады.
  3. Шот қаражатын салық салудан босату ұсынылады. 18 жасқа толған кезде шоттарданқаражат төлеуді АҚШ долларымен жүзеге асыру ұсынылады.

Іс жүзінде 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

6.18 жасқа толған кезде қаражат баланың меншігі болады, ол қаражатты қалай пайдалану керектігін өз бетінше шешуі керек (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға).

Бұл ретте шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалануды шектемеу жоспарлануда.

Өз кезегінде Тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты пайдалануға тек Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі. Осы қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сату бойынша шектеулер көзделмейді.

  1. Қаражатты мақсатты пайдалану үшін «БЖЗҚ» АҚ өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті операторларды («Отбасы банк»АҚ, екінші деңгейдегі банктер) анықтау ұсынылады.
    8. 18 жасқа толғанда шоттағы қаражат 5-10 жыл бойы сақталады. Талап етілмеген жағдайда 5-10 жыл ішінде шоттағы қаражатты зейнетақы шотына аудару ұсынылады.
    9. Сондай-ақ азаматтық заңнамаға сәйкес іс жүзінде жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі көзделеді.
    10. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкілдерге) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қаражатты пайдалануға құқық беру жоспарлануда.

Тұтастай алғанда, ұсынылған алгоритм бойынша жобаны іске қосу үшін заңнамаға өзгерістерді қоса алғанда, дайындық жұмыстарын жүргізу қажет болады.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына және тиісті нормативтік құқықтық актілерге түзетулер қабылдау жоспарлануда.

Жобаны іске қосу тестілеуі тиісті платформаларда (қосымшалар, БЖЗҚ сайты) өткізіледі.

 

 

 

Previous Post

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАМАҒАН

Next Post

ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - МІНДЕТ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі