basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІ ЖАСТАР ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ЖҮР

Қаңтар 10, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІ ЖАСТАР ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ЖҮР
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жылу беру маусымы басталасымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады.  Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады.  Адам өміріне қауіпті  улы газбен уланудың  алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі  аса маңызды.

Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Жетісай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен біргелікте тұрғын алабында улы газдың алдын алу бойынша аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мамандар тарапынан алдын алуға бағытталған қауіпсіздік шараларынан мағлұматтар берілді. Сонымен бірге, үгіт-насихат жұмысының барысында тұрғындарға газбен улану және өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы арнайы жадынамалар таратылды.

Газдан қатты уланғанда зардап шегушіні жылдам аурханаға жеткізіп, медициналық ем жасалуы міндетті. Ауруханада тұншықтырғыш газға қарсы әрекет ететін ангидот — ацизол тағайындалады. Ал ауруханаға жеткенге дейін алғашқы көмек көрсетілуі тиіс. Себебі, улы газ дем арқылы ағзаға түсе сала гемоглобинге араласады да, карбоксигемоглобин түзеді, тіңдерге оттегінің жеткізілуіне кедергі жасайды, миға орны толмас зақым келтіруі, жүрек — ауруы бар адамдардың кеуде тұсы ауыруы немесе жүрегі қысылуы мүмкін. Сала мамандары мен еріктілер өңір тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газды пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша үнпарақтар таратты.

Улы газдан уланудың алдын алу және өртті болдырмау үшін:

* Тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз;

* Пешті жағу үшін синтетикалық шығынды қолданбау;

* Түтіндікті күйеден тазартыңыздар;

* Газ құралын жиі тексеріп тұру және т.б.

Баршамызға мәлім болғандай, газ және электр аспаптарын пайдалануда салғырттық таныту өртпен байланысты қайғылы жағдайға алып келеді, сондықтан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске саламыз:

* Ақауы бар электр сымдарына, розеткаларға жөндеу жүргізіңіз;

* Электр жылытқыш құралдарын тексеріңіздер, олар жиһаздан және терезе перделерінен қашық жерде орналасу керек;

* Жоғары қуатты электр құралдарын бір желіге қосуға жол бермеңіздер;

* Қолдан жасалған электр жылытқышқұралдарын қолданбаңыздар;

* Үйден шығар алдында газ және электр жабдықтарының тоқ көзінен ажыратулы болуына көз жеткізіңіздер;

* Жылыту пештерін уақытылы жөндеңіздер;

* Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар

Құрметті аудан тұрғындары! Қарапайым өртқауіпсіздігі ережелерін сақтау, Сіздің денсаулығыңыз мен өміріңізді, мүліктеріңізді сақтау екендігін еске саламыз.

 

Previous Post

ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - МІНДЕТ

Next Post

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі