Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жастарға ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жастар практикасы – меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік орта білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында бітіруші түлектердің арасында алдыңғы 5 (бес) жыл ішінде дипломмен жұмыс жасамаған және 34 (отыз төрт) жастан аспаған жұмыссыз жастарға арналған жобалардың бірі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша негізде өткізіледі. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
– Жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар:
1) Жеке басты куәландыратын құжат
2) Еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса)
3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат.
Жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.
Толық ақпарат 8 778 969 90 29 Нұрзат
ИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ!!!
“Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы.
Бағдарламаға ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген мамандар қатыса алады. Қатысушылар ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс атқаруы қажет. Жобаның негізгі бағыттары:
Денсаулық сақтау
Білім беру
Әлеуметтік қамтамасыз ету
Мәдениет және спорт
Агроөнеркәсіптік кешен мамандары
Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).
Мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы алуға, және де тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде 15 жылға дейінгі жылдық 0,01% мөлшеріндегі сыйақысы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде алу мүмкіндігі беріледі.
”Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркеледі.