basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРҒА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҮЙРЕТІЛДІ

Қаңтар 16, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРҒА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҮЙРЕТІЛДІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Заң мен тәртіп» қағидасын түсіндіру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы,»Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Н.Абуова Жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Мұхаметжанқызы Абай атындағы жалпы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Гүлмира Төлегенқызы жастар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру бағытында тәрбиелік жұмыстар жүргізудің маңызы өте зор, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірі екенін мәлімдеді.

Сонымен бірге, мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтетінін айта келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде кең көлемде ақпарат берді.

Қоғамның дамуын тежейтін, ел сеніміне селкеу түсіретін үлкен дерт – сыбайлас жемқорлық. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Сонда ғана біз осы індеттен таза қоғам құрамыз. Бұл – менің стратегиялық мақсатым» деген болатын. Облысымызда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жобасына сәйкес, облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінде 2024 жылдың 5 сәуір – 21 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының нәтижесінде 180 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бағытына сәйкес, облыс аумағындағы 108 квазимемлекеттік сектор ұйымдары аталған жобаны іске асыруда. Квазимемлекеттік ұйымдардың 81-і  облыстық басқармаларға, 27-сі аудан, қала әкімдіктеріне бағынысты. Квазимемлекеттік сектор ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтарын бекітті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізуде.

Облыстағы 108 квазимемлекеттік сектор ұйымында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары биыл 17 мамыр – 28 маусым аралығында жүргізіліп, ішкі талдау жұмыстарының нәтижесінде  547 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

Жалпы, анықталған 727 сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою бойынша іс-шара жоспарларлы бекітіліп, тиісті жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар өңірде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен 2026 жылға дейінгі әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыр

 

Previous Post

«Мархабат» журналы оқырманға жол тартты

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТӨТЕНШЕЛІКТЕР БАЛАЛАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАЗЫЛҒАН ТӘТТІЛЕР ТАРАТТЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі