Таулы Қарабақ ұрыс қимылдарының ардагерлері №74 жалпы білім беретін мектепте жастармен маңызды кездесу өткізді.
Басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ еліміздің мәдениеті мен тарихына деген құрметті қалыптастыру болды.
Кездесуге соғыстың ауыр жылдарында шежіре болып қалған Таулы Қарабақ соғысының ардагерлері қатысып, өздерінің майдандағы ерліктері мен қиындықтары туралы әңгімеледі. Олар жастарды Отанға деген адал қызмет етуге, елімізді қорғауға шақырып, өздерінің жанқиярлық ерліктері мен соғыстың ауыр сәттерін еске алды. Ардагерлердің жауынгерлік жолы, сондай-ақ майданда қаза тапқан достарының есімдері жастарға терең әсер қалдырды.
Оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, олардың өмір жолын қызыға тыңдады. Ардагерлер бейбіт өмірдің құндылығын түсініп, ел қорғаудың маңыздылығын ұмытпау керектігін атап өтті. Олардың сөздері жас ұрпақтың жүрегіне терең әсер етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етті.
Соғыс ардагерлерінің ерлігін ұмытпай, олардың қажырлы еңбегін жастарға дәріптеу – біз үшін маңызды міндет.
Таулы Қарабақтағы бітімгерлік миссиясына қазақ жерінен 28 мыңдай адам жұмылдырылды. Екі жыл бұрын «Ардагерлер туралы» Заңға шетел аумағындағы ұрыстарға қатысқандарға ардагер мәртебесі берілуі туралы өзгеріс енгізілді. Алайда, қолындағы құжатта Таулы Қарабақ деген жазу болмағандықтан 1 мыңдай жауынгердің ерлігі әлі күнге дейін мойындалмаған.
Батаев Бахтияр Сейдаханұлының сөзінше, ауданда 228-ге жуық басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері бар. Ерлік жасаған ардагерлерді еске алу және жастарды отан қорғауға шақыру бағытында аудан көлемінде 47 іс-шара өткізілді. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған ардагерлердің сүйегі мен топырағы туған жеріне соңғы жылдары жеткізіліп, құран бағышталып, бауырлары мен отбасыларының қатысуыларымен еске алу шаралары өтуде. Биыл Жеңістің 78 жылдығына орай, 2 Ұлы Отан соғысы ардагерін кездестіріп, олардың мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мектеп оқушыларының әскери шеру ұйымдастырылды. Жергілікті жерде Таулы Қарабахта 1988-1992 жылдар аралығында Ұрыс қимылдарына қатысқан 30 жауынгер ардагер тіркелген. Азаматтардың ерліктері мен еңбектерін құрметтеу мақсатында Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта Таулы Қарабах ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арналған ескерткіш орнатуды ұсынды.
Аудан басшысы: – Аудан орталығындағы саябақты абаттандыру, ардагерлерге арналған ескерткіштерді басқа аумағына көшіру мәселесін қолға алып, жоспарлап отырмыз. Демалыс орнының көркін келтіруіміз қажет. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді қолдауға дайынбыз, алайда бұл мәселені жан-жақты қарап көріп, тиісті шешімін қабылдайтын боламыз. Қоғамның белсенділері ретінде алдағы уақытта ауданның игілігі үшін бірлесе жұмыс атқарайық! Ауданның бел ортасында жүріп, жас ұрпақтарға үлгі-өнеге көрсеткендеріңіз үшін алғысымды айтамын.