basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАСТАРМЕН» АТТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қаңтар 21, 2025
in Жаңалықтар
0
«БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАСТАРМЕН» АТТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында Шорнақ ауылдық округі, «А».Байтұрсынов” атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдер арасында кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты- жастар мен жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің, яғни, құқықбұзушылықтың, ертежүктіліктің, суицидтің, нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, электронды темекі шегудің, әлеуметтік желідегі алаяқтық және т.б. жат қылықтардың адам өміріне қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, болашақ жастарымызды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Кездесуге Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі А.Сарсенбаев, Сауран аудандық отбасын қорғау бөлімінің психологы М. Ермаханова, Сауран аудандық емханасының психологы А.Мусабекова, Шорнақ ауылдық «Ұмай ана» аналар алқасының төрайымы Т.Ерімбет, Сауран аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Басыкараев қатысып, жастардың қазіргі таңда жаһандық түйіткілді мәселеге айналған жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарында кітап оқып, шығармашылықпен айналысуға шақырды.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған бір күндік семинар-тренинг өткізді.

Оның жұмысын ашқан аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұргүл Сұлтанова NEET санаты дегенге жалпы түсінік беруден бастады. – Бұл атау ағылшын тіліндегі Not in Education, Employment, or Training деген сөздерінің алғашқы әріптері негізінде пайда болды. Жалпылама тілде айтсақ, оларды оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз және саяси, азаматтық белсенділігі төмен жас шамасы 15-28 аралығын қамтитын адамдар тобы деуге де келетін шығар. Қазіргі уақытта арамызда осындай 10 пайыздан аса оқығысы, жұмыс істегісі, өмірге талпынғысы келмейтін бойкүйез жастар бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ондай топтағылардың санын төмендетуге жұмыстануымызды міндеттеді.  NEET санатындағыларға түрлі жағдайларға тап болғандар да еніп кетуі мүмкін. Мәселен, олардың арасынан саналы түрде қоғамға пайдасын тигізгісі келмейтіндермен қатар бала күтіміндегі жас аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері немесе өзіне деген сенімділігі жоқ тұйықталып қалған жастарды кездестіруге болады.  Сондықтан аталған топтағылар неліктен жұмыспен қамтылмай отырғандығын зерделеп алғанымыз жөн. Бұл семинар барысында оларды ортаға қалай тартуға болады деген сауалдардың шешімін табатын боламыз, – деген ол тренингтің жұмысының жүруімен таныстырды. Бұдан соң қатысушылар топтарға бөлініп, NEET санатындағы жастардың портретін жасау арқылы ондайларды ортаға бейімдеу, олармен жұмыс жасаудағы халықаралық тәжірибелерге сүйену сияқты тапсырмалар бойынша жұмыстанды. Тренингтің коммуникациялар және келіссөздер жүргізу блогында шетелдік тәжірибені өзімізде жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Еркін сұхбат бөлігінде семинарға қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Семинарды қорытындылаған аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Елшат Асқар NEET санатындағы жастармен жұмыс жасайтын мамандар үшін үлкен көмегін тигізген тренингтің өз мақсатына жеткенін атап өтіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

 

Previous Post

ЖАСТАРМЕН «СЫБАЙЛЫС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ»  ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

Жастарға бизнесті дамытуға 2,5%-бен жеңілдетілген несие алу жолдары түсіндірілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі