Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің психолог мамардарының ұйымдастыруымен “Ізгілік-қоғамның парызы” атты іс-шара өтті.
Психологиялық іс-шараның мақсаты — мүмкіндігі шексіз жасөспірімдер арасында психологиялық көмек көрсету, психо-физиологиялық мүмкіндігін дамыту, өмірге деген қызығушылығын арттыру мен командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру және ой-өрісін дамыту.
Іс-шара барысында психолог-мамандар мүмкіндігі шексіз жасөспірімдермен сурет салу терапиясы бойынша ұсақ қол моторикасының дамыту мақсатында сурет салдырып, сергіту тренингтері жүргізілді.
Мамандар ізгі қоғам құру сыйластықтан, бауырмалдықтан, кішіпейілділіктен, кешірімнен, жалпы айтқанда ізеттіліктен басталады дегенді алға тартады. Үлкен ата-әжелеріміз бізге өсиет айтқанда «бір-біріңді тіріңде құрметтеңдер» деп отырушы еді. Өсе келе бұл сөздің мәнін ұға бастадық. Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің бірінде тіріңде сыйласпасаң, өлгенде жылама деген ойды алға тартады. Қазір, өкінішке қарай, адамдардың тірісінде қадіріне жете алмай жатырмыз…
Заманында би болған Саққұлақ дейтін данышпаннан сыйластық туралы сұраған екен. Сонда Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық» деп жауап берген екен.
«Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды» дейді. «Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, әділдік өлмейді»-деген,Сайф Сараи.Ізгілік іс-әрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жәрдем арқылы өмірде жүзеге асып жатады.Ол өз бойына мына адами құндылықтарды сіңіріп алған: Ілтипттылық,әдептілік,инабаттылық,кішіпейілділік,қарапайымдылық;Сыпайылық, жақсылық және оны сатпау;
Әділеттік;Ісі сөзіне сәйкес келуі, шыншылдық.Сондығы болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады, ұмытылмайды.Осы орайда Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологтары ұйымдастыруымен аудандағы 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен » Ізгілік қоғамның парызы» аты тақырыбында Жетісай қосалқы мектеп интернатында семинар-тренинг өткізілді.
Басты мақсат тренингке қатысушы оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өмірге деген құштарлықтарын арттыру. Іс-шара соңында оқушылар семинар-тренинг жайлы ойларын білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.