basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры

Қаңтар 17, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы дін істері басқармасының жанынан «Ынтымақ-Түркістан» клубы құрылған болатын.

Бүгін, осы клуб аясында «Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, әр түрлі діни конфессиялардың өкілдері мен клуб мүшелері қатысты.

– Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Елімізде орныққан дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын ұлықтауы мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі. Тек мешіт соғамын деген кәсіпкерлер мен меценаттарға басқа да сауапты істердің бар екендігін жеткізгім келеді. Қоғамның, елдің игілігі үшін әлеуметтік нысандар салып, инфрақұрылымды ретке келтірген жөн. Сонымен қоса салт-дәстүрімізді ескере отырып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын және ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және насихаттау жұмыстарына баса назар аударылса дейміз. Өздеріңізбен бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту.

Жиын барысында діни конфессия басшылары мен жетекшілері ел тұтастығын сақтау мен өзара ынтымақтастықтың нығаюы жолында атқарар іс-шаралар мен қоғамда орын алып жатқан діни мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысының аумағында 6 діни конфессияға енетін жалпы 773 діни бірлестіктер жұмыс істейді. Олардың қатарында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни бірлестіктер мен оның 5 филиалы бар.

 

 

Previous Post

БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ: АТА-АНАЛАР МЕН ПЕДОГОГТЕРГЕ КЕҢЕСТЕР

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖҰМЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі