basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА !

Қаңтар 24, 2025
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА !
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты тақырыпта «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші, продюсер, «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың Бәйдібек ауданының жастарымен кездесуі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылықтың маңыздылығын ұғындыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Бұл кездесу жастардың өз мүмкіндіктерін тануға, өнерге деген сүйіспеншілігін оятуға және арман-мақсаттарын жүзеге асыруда батыл болуға ынталандыруды көздейді.
Жиынды Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» басшы орынбасары Есқұлов Пердебек Сержанұлы ашып беріп, Гүлзия Нұрғалиқызы лудоманияның алдын алу мақсатында баяндама жасады.
Іс – шараға жалпы 200 жас қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тағылымға толы кездесуден ой қорытарлық кеңес алды.
Айта кетсек, осыған дейін мектепте қорқытудың алдын алу және жастар арасында электронды темекі өнімдерін пайдаланумен күресу сияқты өзекті тақырыптарға ерекше назар аударылды. Оқушылар талқыланған мәселелерге жоғары қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, диалогқа белсенді қатысты. Әрбір сұраққа қоғамдық, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды түсіндіре отырып, егжей-тегжейлі жауап алды.

Әңгімелесу барысында жоғары сынып оқушылары арасында қорқытудың жекелеген жағдайлары мен электрондық темекіні пайдалану фактілері анықталды. Кездесу қорытындысы бойынша мектеп оқытушылары мен басшыларына тәрбие жұмысын күшейту, оқушылар арасында құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тиімді профилактикалық іс-шараларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді.

Бұл кездесу «Тәртіпті өзіңнен баста!» ауқымды акцияның маңызды жалғасы болды. Акция іс-шараларына Академия ардагерлері белсенді түрде қатысуда, олар жеке мысал рет ретінде заңды сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, жас ұрпақты құқықтық тәрбиелеуге күш салуда.

Құқық қорғау органдары академиясы акция шеңберінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңдарды құрметтеуге тәрбиелеуге және қоғамдағы құқықтық тәртіп құндылықтарын нығайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастырады.

Previous Post

ЖАСТАР САЯСАТЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Next Post

СЕРПІН -2050: Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСКЕН СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі