basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРҒА БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА МҮМКІНДІК: «НАУРЫЗ ЖҰМЫСКЕР! ИПОТЕКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қаңтар 22, 2025
in Жаңалықтар
0
ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРҒА БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА МҮМКІНДІК: «НАУРЫЗ ЖҰМЫСКЕР! ИПОТЕКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жұмысшыларға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама арқылы өз үйіңді алуға мүмкіндік бар. Техникалық мамандар мен өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы қызметкерлер қатыса алады.

Бағдарлама шарттары:

  • Әлеуметтік осал топтарға жылдық 7% үстемақы,
  • Басқа санаттар үшін жылдық 9% үстемақы,
  • Бастапқы жарна: жаңа үй үшін – 10%, екінші нарықтағы үй үшін – 20%,
  • Екінші нарық: тек облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жатпайтын аймақтардағы жұмысшылар үшін.
  • Несие сомасы: облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы үшін 36 млн теңге.

Өтінімдер 17 наурыздан бастап қабылданады!

Бағдарлама «Отбасы банкі» арқылы жүзеге асады.

Үй алуды армандап жүргендер үшін тамаша мүмкіндік! Неғұрлым ерте өтінім берсеңіз, соғұрлым жақсы жағдайлар пайда болады.  Айта кетсек, Президент 2025 жылды – жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған еді. Енді үкімет техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалап, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге міндетті. Қазір нарықта техникалық мамандық иелері тапшы екіні жасырын емес. Осы тұста саладағы сұранысты саралап, зерттеп көрген әріптесім Шернияз Жалғасбекұлын сөзге тартып көрейік. Елдегі кадр тапшылығы жайлы айтсаңыз, қанша маман қажет? Қандай мамандықтар сұраныста?  Ең алдымен елдегі жұмысшылар жайлы айтып берейін. Қазір 9 млн-нан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған. Ал екі қолға бір күрек таппай сенделген халықтың саны – 451 мыңға жетті. Бұл жалпы жұмысқа жарамды жұрттың 4,7 пайызына тең.  9,1 млн қазақстандық жұмыспен қамтылған жұмыссыздар саны – 451 мың адам жұмыссыздық деңгейі -4,7% Елде техникалық мамандар тапшы  Елде техникалық мамандар тапшы. 2030 жылға қарай жұмысшы кадрлардың қажеттілігі 1 млн адамнан асуы мүмкін. Ал жалпы жұмыс күшінің жетіспеушілігі 1,8 млн жанға жетеді деген болжам бар. Сол себепті қазірден қам қылған жөн.  Жауапты министрлік сұранысы жоғары салаға білім грантын көптеп бөлуге ниетті. Мәселен, биыл бас-аяғы 112 мың грант берілсе, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға тиесілі. 2030 жылы кадр тапшылығы 1,8 млн адамға жетеді техникалық мамандар – 1 млн адам 112 мың білім гранты бөлінді техникалық мамандықтар – 60%   Қарлығаш Қалыбеккызы,  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің басқарма басшысы Техникалық мамандықтардың ішінде ақпараттық тенологиялық коммуникация салсында 10 900 грант бөлінді. Жаратылыстану, статистика мамандықтарына 8 288 мың грант берілді. Жалпы осы техникалық бағыттарға деген қызығушылық осы жастар арасында өте белсенді болып тұр. Техникалық бағыттарда деген қызығушылық соңғы 2 жылда өсім жоғары. 2019-2020 жылдары студенттер гуманитарлық мамандықтарға қызығушылық жоғары болған. 60 ЖОО техникалық маман дайындайды  Елде 120 университет бар. Оның тең жартысы техникалық мамандарды даярлайды. Колледждер де жұмысшы кәсіп иелерін дайындау қажырлы қызмет етіп келеді. Мәселен, жоғары оқу орындарында 97 мыңнан астам студент техникалық мамандықтарда білім алады. Ал биыл 22 мың жас оқуын тәмәмдап, еңбек нарығына қосылды. Дей тұрғанмен, кадр тапшылығы әлі де өзекті. Қазақстанда 120 ЖОО бар 97 679 студент техникалық мамандықта білім алады биыл 22 582 жас оқу бітірді Қарлығаш Қалыбеккызы,  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің басқарма басшысы Жалпы елімізде 120 оқу орны бар. Ұлттық – 11 ЖОО, мемлекеттік – 29 оқу орны, азаматтық емес – 14, акционерлік -16 және жеке оқу орындарымыз бар. Олардың саны  – 48. Жалпы осы инженерлік бағыттағы, техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын 60 ЖОО бар.   Депутат: Елді мекендердегі колледж ғимараттары тозып тұр  Ал мәжіліс депутаты Таңсауле Серіков техникалық мамандар даярлайтын колледждердің кеңес дәуірінен бері қызмет ететінін, ғимараттарының ескіргенін айтады. Әсіресе елді-мекендердегі оқу орындарының тозығы жеткен. Ондағы өндірістік құрал-жабдықтардың 70 пайызы тозып тұр. Мәжілісмен, колледждердің материалдық базасын жаңартуды ұсынды. Сонда ғана сапалы техникалық мамандарды көптеп дайындауға мүкіндік туады – дейді. Сондай-ақ, депутат теориямен қатар тәжірибені, шетелдік оқу орындарымен әріптестікті нығайтуды алға тартады.  Таңсауле Серіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Жоғарыда айтылғандарды ескере отыра ұсынамын. Ауылдардағы колледждер жанынан шет елдік оқу орындарының  филиалдарын ашуды қарастыру. Колледжде оқу арқылы студенттердің өндірістерде практикадан өту кезеңін 60 пайызға дейін жеткізуді қарастыру. Қазақстан колледждерін оптимизациялау мәселесін қарастыру. Колледж ұстаздарының жалақысын көтеру механизмін қарастыру.   Жалпы салалардағы кадр тапшылық осылай. Дегенмен, техникалық мамандықтарға сұраныстың артқанын да айта өткен жөн. Мәселен, өткен оқу жылында 182 жас мектепті тәмамдап, оның дені жұмысшы мамандықтарға оқуға түскен.

 

Previous Post

КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РОБОТОТЕХНИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Next Post

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ - ЖАСТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі