basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home BASMEDIA TV

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Наурыз 31, 2025
in BASMEDIA TV, Cаясат
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің Төрағасы Берік Бейсенғалиев аймақтармен бейнеконференция өткізіп, Шымкент қаласында әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударды. Жиынға бірқатар мемлекеттік органдардың вице-министрлері, сонымен қатар «Отбасы Банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Шымкент қаласынан партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, партия филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы Лазиз Сулайманов қатысты.

Жиынның күнтәртібінде ең өзекті мәселелердің бірі – «Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету» тақырыбы болды. Бұл мәселе еліміздің аймақтарында өзекті болып табылады. Әсіресе көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтар мен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін.
Шымкент қаласының бірінші орынбасары Қуаныш Асылов баяндама жасап, қаладағы атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 52 848 азамат тіркелген. Қала әкімдігі 2024 жылы бұл азаматтардың бір бөлігін жалдамалы пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарланғанын хабарлады. Оның ішінде 280 азамат сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтермен қамтылды. Бұл азаматтардың арасында жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлсіз топтағы азаматтар бар.

2024 жылдың соңына дейін тағы 1 000 азаматты жалдамалы пәтермен қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 659 пәтер пайдалануға берілді. Ал 2025 жылы әлеуметтік осал топқа жататын 379 азаматты жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету көзделген.

Берік Бейсенғалиев өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, әрбір өңірде жоспарға сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Ол әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерін қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол жұмыс жоспарларын нақтылап, аталған мәселені шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Previous Post

ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі