basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨТТІ

Мамыр 2, 2025
in Uncategorized
0
«QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының алғашқы күні өтті. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр және оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «36352 әскери бөлімі» РММ қолдау көрсетті.

«Qaisar» әскери-патриоттық ойындары алдағы күндері де жалғасады. Шараға еліміздің 20 аймағынан 100 жас қатысуда.

«AMANAT» партиясының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы қатысып, жастарға ойындарға сәттілік тіледі.

«Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы, перзенттік парызы. «Qaisar» жобасының қатысушылары – жас, жігерлі, білімді және отаншыл азаматтар болашақта еліміздің сенімді тірегіне айналады деген ойдамын» – деді.

Ойынның басты мақсаты — жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, әскери-қолданбалы дағдыларды меңгерту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақтарын сынайды:
• «Рухты Сарбаз» — ұлттық ойындар: садақ ату мен арқан тарту сайысы;
• Әскерилендірілген кросс — физикалық дайындық пен төзімділікті сынайтын сайыс;
• Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру — уақыт пен дәлдікке негізделген әскери машық;
• Әскери-интеллектуалдық «QUIZ» — әскери тарих, тактика және заманауи қарулы күштерге қатысты сұрақтарға жауап беру.

Іс-шара жас сарбаздардың рухын көтеріп, патриоттық сезімін нығайта отырып, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға үлес қосуды көздейді.

#AMANAT

Previous Post

«QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Next Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕКІ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі