basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАНДА ЖАҢА КӨПІР АШЫЛДЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ, ӨҢІРГЕ ДАМУ

Мамыр 26, 2025
in Жаңалықтар
0
САУРАНДА ЖАҢА КӨПІР АШЫЛДЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ, ӨҢІРГЕ ДАМУ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы ұзындығы 72 метр, ені 9 метрді құрайды. Сауран ауданында күрделі жөндеуден өткен көпірдің ашылу салтанаты өтті. Сауран ауданында облыстық маңызы бар КХ-59 «Түркістан–Қарнақ» автожолының бойындағы көпірдің күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, көпірдің ел игілігіне берілуімен тұрғындарды құттықтап, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жалпы ұзындығы 72 метр, ені 9 метрді құрайтын көпір – Сауран ауданы аумағындағы көлік қатынасының маңызды нүктелерінің бірі. Күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталды. Жоба аясында ескі көпір толық бұзылып, 72 дана темірбетон қада қағылды. Ұзындығы 24 метр болатын 27 дана темірбетон плита орнатылды, жаңа қоршаулар мен асфальт жабындысы төселді. Құрылыс кезінде ұзындығы 820 метрлік айналма жол салынды. Жөндеу жұмыстары Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүргізілді. Бұл көпір тек көлік қозғалысын қамтамасыз ететін нысан ғана емес, ауыл мен қала арасындағы экономикалық, әлеуметтік байланысты нығайтатын, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынасын қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Алдағы уақытта да Сауран ауданында тұрғындар өмірін жеңілдетуге бағытталған сапалы инфрақұрылымдық жобалар жалғасын табады.
Билік өкілдерінің айтуынша, бұдан кейін де Сауранда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылым жобалары кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.

Previous Post

Премьер-Министрдің кеңесшісі Түркістан облысындағы инвестициялық жобалармен танысты

Next Post

ТҮРКІСТАН: 4 айда 12 мың жұмыс орны құрылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі