basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізіледі

Мамыр 26, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізіледі
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Су үнемдеу – заман талабы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте суармалы жерлерді ұтымды пайдалану жан-жақты талқыланды. Су үнемдеу технологияларын енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес суармалы жерлердің көлемін ұлғайту аясында облыста қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. 2030 жылға қарай өңірде су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биылға 27 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспары бекітілген. Дегенмен барлық мүмкіндіктер ескеріле отырып, жоспар көлемі 2 есе артты. Бұдан бөлек, шетелдік инвестордың атсалысуымен жаңа технология 32 мың гектарға ендірілді. Трансшекаралық суға тәуелділікті төмендету мақсатында жаңа технологияларды оңтүстік аудандарда 24 мың гектарға ендіру жоспарланып отыр. Облыс әкімі суармалы жерлердің көрсетілген алаңын дұрыс пайдалану Мемлекет басшысы алға қойған жоғары рентабельді дақылдар өндірісіне көшу, импортты алмастыру және суармалы жерлер алаңын біртіндеп арттыру міндеттерін орындауға мүмкіндік беретінін айтты. Сондықтан су үнемдеудің озық технологиялары мен заманауи жүйелерін енгізу – заман талабы. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың баяндауынша, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдануға көшуге ынталандыру мақсатында жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың 50%-ын өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. Оған қоса шығынның тағы 30 пайызы облыс бюджеті арқылы өтеледі. Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін «Бәйдібек ата», «Қарақуыс»су қоймаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Боралдай» және«Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленген. Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 120,3 млн. м3 ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағындағы өңірлерде ағын су мәселесі шешімін табады. «Боралдай» су қоймасы Түркістан қаласы мен Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Сауран аудандарындағы 67 мың га жерді кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болады. Оның ішінде Отырар және Сауран аудандарында жаңадан 6000 гектар, Ордабасы ауданы Қажымұхан ауылдық округінде 630 гектар суармалы егістік алқаптары қосылады.

Previous Post

«CYBER QURYLTAI: Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» форумы басталды

Next Post

ТҮРКІСТАН: Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары сараланды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі