basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық диқандар картоп жинауды бастады

Мамыр 27, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық диқандар картоп жинауды бастады
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл ауданда жалпы 75,7 мың га егістік жерге егін егілді. Сарыағаштық шаруалар картоп өнімін жинауға кірісіп кетті. Биыл сарыағаштық шаруалар 2,1 мың га жерге ерте пісетін картоп өнімін егіп, қазіргі уақытта өнім жинауға кірісіп кетті. Шаруалар еңбек арқылы азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып келеді. Биыл ауданда жалпы 75,7 мың га егістік жерге егін егілді. Оның ішінде 51,1 мың гектары – бұршақты және майлы дақылдар (бидай – 40,5 мың га, жүгері – 1,5 мың га, арпа – 7,9 мың га, күнбағыс –224 га, мақсары – 910 га), 479 гектары бақша, 2,1 мың гектары картоп, 10,6 мың гектары көкөніс болса, 11,5 мың гектарға мал азығы егілді. Қазіргі таңда ерте пісетін картоп алқаптары ауданға қарасты Қабланбек, Құркелес, Жарты төбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде орналасқан.

«Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың гектарға орналастырылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 мың гектарға артық. Ал, 2025 жылы мақта дақылы 29 мың гектарға артып, 135 мың гектарға орналастырылады. Егіс көлемінің артуы жаңа су үнемдеу технологиялар есебінен болып отыр. Аталған технологияның тиімділігі ағын суды 2 есе үнемдей отырып, 60 центнерге дейін өнім алынады. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Жалпы жоспарланған 519 мың гектар жаздық дақылдардың 455 мың гектары егілген. Бүгінде дала жұмыстарына қолданыстағы 25 мың бірлік техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, 2025 жылғы дала жұмыстарына 55,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай қажеттілігі анықталды. Таратушы операторлар арқылы бөлінген 17 мың тонна дизель отынының құны төленіп, тауар өндірушілерге 12,4 мың тонна берілді. Биыл көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 35 млрд теңге бөлу жоспарланған»,- деді Әлібек Абдыхалықұлы.

Спикердің сөзінше, биыл өңірдегі 59 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарына су үнемдеу технологияларын 8 мың гектардан 24 мың гектарға орналастыру жоспарланып отыр. Одан бөлек, су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру мақсатында жергілікті 3 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар, биыл қосымша құны 11,2 млрд теңгені құрайтын тағы да 3 кәсіпорын іске қосылады.

Брифингке қатысқан «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Бақдәулет Еркеқұлдың айтуынша, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылық нысандарын қаржыландыру мақсатында 12,6 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, 1703 шаруашылық толықтай қаржыландырылған. Бүгінде «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру мақсатында Аграрлық несие корпорациясынан «Оңтүстік» АИО» ЖШС-і қосымша қаражат тарту жұмыстарын жүргізуде.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: “Балалар үні” фестивалінде 600-ден аса бала өнер көрсетті

Next Post

Түркістан облысында алғаш рет жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша семинар өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі