basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Мамыр 28, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кенжелеп тұрған бағыттардың көрсеткішіне тоқталып, кемшіліктерді баяндады. Түркістан облысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық пысықталды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков индикаторлық жоспардың іске асу сатысы бойынша аудан, қала көрсеткіштерін саралап, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына өңірлердің дайындығын пысықтады. Сонымен қатар жетекшілік ететін салалары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексеріп, жауаптылармен бірге өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылады. Басқарма басшылары аудан, қалалардағы кенжелеп тұрған бағыттардың көрсеткішіне тоқталып, кемшіліктерді баяндады. Су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша жұмысты ширату Түлкібас, Бәйдібек, Келес аудандары мен Кентау қаласына ескертілді. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселенің өзектілігін өзге аймақтардың да назарына салды. Инвестиция тарту, қарқынды бау, жылыжай шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарларын орындауда аудандар арасында қажеттілігіне қарай тәжірибе алмасу ұсынылды. – Жиналысты арнайы басқарма басшыларының және аудан әкімдері орынбасарларының қатысуымен өткізіп отырмыз. Кедергілер болса, бірге талқылап, шешу жолын қарастырайық. Жыл басында белгіленген межемен бәріңіз келістіңіздер, ендігі айтқан уәждеріңіз қабылданбайды. Мәселе бөлімдегі мамандарға жүктегенмен шешілмейді. Жауапкершілік өздеріңізден талап етіледі. Сондықтан, кабинеттен шығып, шаруашылықтарды аралаңыздар. Қалыптасқан жағдайды өздеріңіз сараптағанда ғана нақты шешім, ұтымды ұсыныс айта аласыздар, – деді Нұрбол Тұрашбеков. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, келесі кезекте Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы баяндалып, нәтижесімен бірқатар тапсырмалар нақтыланды.

Жетісайда тамшылатып суғару әдісі 8 мың гектарға енгізілмек. Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі қарқынды енгізілуде. Осы орайда аудан әкімі Серік Мамытов шаруалармен кездесіп, су үнемдеу технологиясының тиімділігі мен мүмкіндіктері жайында айтты. Қазіргі таңда аудандағы 5 041 гектар жерге ағын суды үнемдеу технологиясы енгізілген. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 8 000 гектарға жетпек. Жалпы Жетісай ауданында өткен жылы 23 гектар жерде жылыжай шаруашылықтары орналастырылған болса, биыл тағы 5 гектар жерге жылыжай салынуда. Айта кетейік, су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында елімізде ылғал үнемдеу технологиясын 1,4 млн гектарға ендіру қарастырылған. Оның ішінде Түркістан облысының үлесі 216,3 мың гектарды құрайды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПЛАТФОРМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖОБАЛАР САНЫ БОЙЫНША КӨШ БАСТАДЫ

Next Post

Түркістан облысының әкімі «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасымен кездесті  

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі