basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардарада залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр  

Мамыр 29, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Шардарада залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр  
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жұмыс барысында ауыл ішіндегі көшелер, көгалды аймақтар мен ағаштар қамтылды. Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы күндері кейбір елді мекендерде шіркейдің көбеюі байқалуына байланысты, дезинсекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, бүгін Көксу ауылдық округінде дернәсілге қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жұмыс барысында ауыл ішіндегі көшелер, көгалды аймақтар мен ағаштар қамтылды. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника мен 6 қызметкер бүрку құрылғыларымен жабдықталып, жұмылдырылды. Залалсыздандыру жұмыстары Ұзыната ауылында жалғасты. Шіркейге қарсы күрес шаралары Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей бақылауында. Аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың мәлімдеуінше, облыстағы 52 елді мекен 15 секторға бөліп, 600-ге жуық көшеде заласыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бақылау нәтижелері препараттардың тығыздығы жоғары аумақтарда тиімді әсер беріп жатқанын көрсеткен.

Биыл шіркейге қарсы дезинсекция шаралары Сырдария өзеніне, сондай-ақ, Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Отырар, Шардара, Келес, Ордабасы, Сауран аудандарында атқарылып жатыр. Ғылыми сүйемелдеу жұмыстарын «Защита-растений-К» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі таңда Сырдария өзеніне 9 рет биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Сырдария өзенінің бойына 95 120 кг препарат құйылды. Одан бөлек, барьерлік химиялық өңдеу жұмыстары атқарылуда. Дезинсекция шараларына бүрку қондырғылары орнатылған толық жетекті 27 техника, 21 қолдық арқа бүріккіш, 3 термогенератор және 2 дрон тартылған. Арнайы құрылған комиссиялық топ дезинсекция жұмыстарының барысын бақылауға алған. Жағдай тұрақты.

Аппарат отырысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың көктемгі егіс жұмыстарының барысы туралы есебі тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда жоспарланған 519 мың гектар жаздық дақылдар 100 пайыз егілді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 133,1 мың гектарға, бұршақты дақылдар 2,7 мың гектарға, майлы дақылдар 72,4 мың гектарға, мақта 141,2 мың гектарға, көкөніс 42,1 мың гектарға, картоп 13,8 мың гектарға, бақша 61,7 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 49,2 мың гектар жерге егілді. Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша, отандық зауыттарға 23,2 мың тонна тыңайтқыштың қаржысы алдын ала төленді. Тауар өндірушілер тарапынан 95,3 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Таратушы операторлар арқылы бөлінген 19 мың тонна дизель отынының 18 мың тоннасы тауар өндірушілерге босатылды.

Биыл облыста аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 450 мың гектарға жүргізілді. Химиялық өңдеу жұмыстарына 275 жер үсті техникасы, 909 аспалы бүріккіш, 7 дрон және 4 ұшақ жұмылдырылған. Шегірткелерге қарсы «Тиаметрин с.к.», «Каратэ супер к.э.» және «Ацет 200» препараттары қолданылуда. Өңдеу жұмыстарына қажетті препарат қоры жеткілікті. Жұмыстар жалғасады.

Previous Post

Түркістанда мектеп басшыларына арналған форум өтті

Next Post

Түркиялық ORZAX компаниясы Түркістанда өндірісін кеңейтеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі