basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда үш ауылға табиғи газ берілді

Мамыр 30, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ордабасыда үш ауылға табиғи газ берілді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл жұрты бұл игілікке зор ризашылығын білдіріп, ел үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға ақ батасын берді. Ордабасы ауданында үш ауылға табиғи газ жеткізілді. Ордабасы ауданында тұрғындарды газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгін Шұбар ауылдық округіне қарасты Тоқсансай, Береке, Сарытоғай ауылдарында «көгілдір отын» беру рәсімі өтті. Ауыл жұртын қуантқан салтанатты рәсімге аудан әкімі Азат Оралбаев пен облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш арнайы барып тұрғындарды құттықтады.

Аудан басшысы Азат Оралбаев жұртшылықты құттықтай отырып, осы нәтижелі жұмыстың жүзеге асуына облыс басшылығы мен облыстық мәслихат депутаттарының үлкен қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті. Облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш бұл игілікті істің Мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарылып отырғанын айтып, ауыл халқына ақжарма лебізін арнады. Өз кезегінде ауыл жұрты бұл игілікке зор ризашылығын білдіріп, ел үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға ақ батасын берді. Айта кетсек, аудан бойынша 25 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 2021 жылы тиісті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталған.

Соңғы 2 жыл ішінде аудан әкімі Азат Оралбаевтың үйлестіруі мен бақылауының нәтижесінде аудан тұрғындарын толық табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында нақты әрі жүйелі жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде қазіргі таңда аудан бойынша 57 елді-мекеннің 36-сы табиғи газға қосылып, жалпы көрсеткіш 2 жылдың ішінде 15,7 пайыздан 63,1 пайызға өсіп отыр. Келесі кезекте Шұбарсу ауылын газбен қамту міндеті тұр. Биыл ауылға газ жеткізуші құбырдың құрылысына бастапқы қаржы қаралып, жұмыстар басталады. Одан бөлек, басқа да елді-мекендерде тиісті жұмыстар атқарылып, 2 жыл көлемінде ауданымыз толық газбен қамтылады деп күтілуде. Ендігі кезекте, табиғи газ қосылған ауыл тұрғындары өз үйлеріне газ қосу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Аудан басшысы ауыл оркругтерінің әкімдіктеріне бұл жұмыстарға тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Саурандағы екі елді мекенде ауыз су құбыры жүргізіліп жатыр

Next Post

ТҮРКІСТАН: Ана мен бала денсаулығын жақсарту жұмыстары күшейтіліп жатыр

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі