basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Маусым 5, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара жоспары бойынша бекітілген жарлығына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген. Бүгінде Сайрам ауданында құрылысы жүріп жатыр. Аталған стратегиялық нысанның құрылысы қалай жүруде? Қандай мәселелер бар? Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы сұрақтарға қатысты жиын өткізіп, жауапты басшылар мен тұлғалардың есебін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

– Бұл – аса маңызды жоба. Уақтылы әрі сапалы атқарылуы тиіс. Жұмысшылар санын көбейтіп, жобаны жандандыру қажет. Облыс әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

«Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығының хабарлауынша, инфрақұрылым тарту, газ, электр жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қажетті жер телімдерін мемлекет меншігіне өткізу шаралары да қатар атқарылуда. Акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ. Бүгінде бетондау жұмыстары 64% орындалды. Металл конструкцияларды монтаждау бойынша жұмыстар 9,2 пайызға атқарылған. Қажетті құрал-жабдықтары мен металл конструкциялары жеткізілуде.

Жиында өзге де мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездескен еді.

Кездесу барысында компанияның Түркістан облысын дамытуға қолдауын күшейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту жолдары талқыланды. Компанияның Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдарын кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесі де сөз болды.

– Облыс аумағында «Казатомөнеркәсіп» «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты 12 компания жұмыс істейді. Олардың 10-ы уран өндірумен айналысады, 1 компания барлау жұмыстарымен және 1 компаниясы электр энергиясын тасымалдау қызметін атқарады. Компанияның облысқа қолдауын күшейту,  Созақ ауданының елді мекендеріне әлеуметтік және демеушілік көрсету бойынша бірлесе жұмыстар атқаруды ұсынамын. Бір колледжді сенімгерлік басқаруға алып, тиісті кадрларды даярлауға да үлес қосады деп сенемін, – деген Нұралхан Көшеров уран өндіруші бірлескен кәсіпорындарының бас кеңселерін Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесін де қарастыру жөнінде ұсынысын жеткізді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінетінін, әлеуметтік нысандар салуға демеушілік көрсетілетінін атап өтті. Ұсыныстарды зерделеп, қарастыратынын айтты.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Түркістан облысының тау-кен өндіру өнеркәсібінде 153 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 114,1% -ды құрады. Түркістан облысының тау-кен өндіру өнеркәсібінің 98%-ы және өңдеу өнеркәсібінің металлургия саласының 99,8% үлесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на тиесілі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР МЕН СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Next Post

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі