basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Маусым 5, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Келес және Сарыағаш аудандарына іссапармен барды. Медицина, білім және әлеуметтік нысандарды аралап, бүгінгі жай-күйін бақылады. Жергілікті тұрғындармен және жауапты сала өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Жүзімдік дәрігерлік амбулаториясы мен Бесқұбыр бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымында болды. Құрылыс жұмыстары зерделеніп, тиісті тапсырмалар жүктелді. Бұл нысандар пайдалануға берілген соң ауыл халқына тегін медициналық қызметтер көрсетеді. Облыс басшылығы инвестор Ж.Мелдешовпен пікірлесіп, инвестициялық жобалар жайлы ойлар ортаға салынды.

Мұнан соң Бейсенбай Дәулетұлы «Абай» Келес аудандық ауруханасында болды. Аралауға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев, облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы Б.Мырзагелдиев, аудандық аурухана басшысы С.Исахова және медицина қызметкерлері қатысты. Аурухана мен «Жаңақоныс» фельдшерлік-акушерлік пунктіне қатысты түсіндіру жүргізілді. Халық кез келген медицина ұйымын таңдап, қызмет алуына еркі бар. Б.Тәжібаев заңбұзушылық әрекеттер болмауын қадағалауды ескертті.

Іссапар барысында Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді мекеніндегі №9 Майлықожа мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары тексерілді. Білім ошағы 1986 жылы салынған. Сыйымдылығы – 824 орын. Облыстық бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылысы 25 мамырда басталды. Биыл тамыз айының соңына дейін аяқталуға тиіс. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғалар мен мердігер мекемеге балалардың қауіпсіздігі мен болашағы үшін құрылысты сапалы әрі тиянақты жүргізіп, уақтылы қолданысқа тапсыруды міндеттеді.

Түркістан облысының 17 аудан және қаласында Отбасын қолдау орталықтары ашылған болатын. Б.Дәулетұлы Келес ауданындағы орталыққа арнайы барып, жұмыстарымен танысты. Мекеме консультациялар беру, кешенді сүйемелдеу, әдіснама және ақпараттық-ағарту жұмыстарын атқарып келеді. Мемлекеттік қолдаулардың тиімділігін арттыруға бағытталған.Орталыққа 1 маусымдағы жағдай бойынша 293 адам жүгініп, 481 қызмет түрі ұсынылған. Олардың басым бөлігі аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналар.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ХЭЙЛУНЦЗЯН ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА ІСКЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі