basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті

10 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Спорт
0
Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Шымкент қ. спорт басқармасы)

Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы каратэден Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жеңістер – спортшыларымыздың қажырлы еңбегінің, кәсіби жаттықтырушылардың жанкешті дайындығының және мемлекет тарапынан спорт саласына көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың айқын дәлелі.

Жарыс нәтижелері төмендегідей:

І орын: Балнұр Құрбанәлі (61 кг, жасөспірімдер);

ІІІ орын: Айша Ұнталап (54 кг, жасөспірімдер);

 ІІ орын: Айжан Бәкірова (61 кг, жастар);

ІІІ орын: Лаура Сағынбек (68 кг, жастар).

Айта кетсек, Шымкенттегі спорт мектептерінде каратэ бағыты бойынша жүйелі дайындық пен кәсіби жаттықтыру жұмыстары жолға қойылған. Соның нәтижесінде жасөспірімдер мен жастар арасында сенімді әрі мықты спорттық резерв қалыптасып келеді. Бүгінгі жеңімпаздар – ертеңгі чемпиондар.

Дархан Асаділов пен Софья Берульцева сынды әлемдік деңгейде танылған жұлдыздардың ізін жалғастырып келе жатқан жаңа толқын өсіп келеді. Бұл – шымкенттік спорт мектебінің тұрақты дамуы мен жеңімпаздық рухының айғағы.

Айта кетерлігі, мұндай табыстар тек спортшының жеке талантына ғана емес, сонымен бірге жаттықтырушылардың еңбегі мен спорт инфрақұрылымының даму деңгейіне тікелей байланысты. Жүйелі қолдау, тәртіп пен еңбек – үлкен жетістіктің кепілі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Tags: Азия чемпионатыспорт
Previous Post

Человек труда, заслуживший уважение своим служением

Next Post

"Кең баба" саябағында бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі