basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Президент тапсырмасы аясында бокс академиясы ашылды

27 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Спорт
0
Шымкентте Президент тапсырмасы аясында бокс академиясы ашылды
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Видеодан скрин/Шымкент қ. әкімдігі)

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елімізде бұқаралық спортты дамыту, кәсіби спортшыларды қолдау және жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бастама – Қазақстанның болашағы үшін маңызды қадам. Себебі дені сау, шыныққан ұрпақ – ел дамуының кепілі. Әсіресе, жастар арасында бокстың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде өңірлерде жаңа спорт кешендері салынып, жаттығу залдары ашылып, заманауи инфрақұрылым жасақталып жатыр.

Жақында Мемлекет басшысы әлем чемпиондарын қабылдау барысында боксты ұлттық спорт деңгейіне көтеру қажеттігін атап өтті. Бұл – еліміз үшін стратегиялық бағыт қана емес, сонымен қатар халық арасында кең қолдауға ие шешім. Себебі қазақ боксы – әлемдік аренада танылған, талай чемпиондарымыздың жеңістері арқылы ел намысын асқақтатқан спорт түрі. Сондықтан боксты одан әрі дамытуға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуы заңды құбылыс.

Осы тапсырмалардың нақты жүзеге асуының айқын мысалы ретінде Шымкент қаласында «Iliyas Boxing Academy» атты жаңа спорт залының ашылуын атауға болады. Бұл – мегаполис жастары үшін үлкен мүмкіндік. Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Президенттің тапсырмалары қалада кезең-кезеңімен орындалып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Шымкент қашан да спортты қолдап, отандық спортшылардың әлемдік аренадағы жетістіктерімен танылып келген.

Бұл академияда болашақ чемпиондар шыңдалады. Жасөспірімдер тек денесін шынықтырып қана қоймай, рухани тұрғыдан да қалыптасады, мінез-құлқы шыңдалады. Ең бастысы, ел Президенті негізгі спорт түрлерінің бірі ретінде айқындаған бокстың беделі артып, жаңа деңгейге көтеріледі, — деді қала әкімі өз сөзінде.

«Iliyas Boxing Academy» – тек спорт залы емес, ол жас дарындарды тәрбиелеп, ел намысын қорғауға дайын спортшыларды қалыптастыратын орталық болмақ. Мұнда кәсіби бапкерлерден тәлім алып, үлкен спортқа жол ашатын мүмкіндік бар. Болашақта академиядан шыққан спортшылардың Қазақстанның ғана емес, әлемнің ең үлкен ареналарында ел намысын қорғап, көк байрағымызды биікте желбірететіні сөзсіз.

Tags: бокс академиясыспорт
Previous Post

Шымкенте в рамках поручения Президента открылась академия бокса

Next Post

«Mamandyq Fest»: Труд молодежи – будущее страны

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі