basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаратау ауданы инфрақұрылым жүйесімен толық қамтылуға жақын

1 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
Қаратау ауданы инфрақұрылым жүйесімен толық қамтылуға жақын
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша инфрақұрылым саласын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы бүгін қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында аудан әкімі Алмас Емелтайұлы Абаев мәлімдеді.

Ауданның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды. Мұнда 300 мыңға жуық халық тұрады. Қаратау ауданына қарасты 19 елді мекенде 29 мыңнан астам жеке тұрғын үй мен 626 көпқабатты үй орналасқан. Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда инфрақұрылымды дамыту басты басымдықтардың бірі саналады.

Бүгінгі таңда аудан халқының 99%-ы ауыз сумен қамтылған, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Электр жарығымен қамту деңгейі де жоғары — 99%, қазіргі таңда тиісті абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

Табиғи газбен қамту көрсеткіші 98%-ды құрайды. Қалған нысандарды қосу бағытында тиісті жобалар аяқталуға жақын. Осы жұмыстар толық аяқталған жағдайда, аудан табиғи газбен толық қамтылған елді мекендер қатарына қосылады.

Кәріз жүйесіне қосу бағытында да жұмыстар жүйелі түрде іске асуда. Өткен жылы 5 елді мекенде кәріз жүйесі құрылысы аяқталса, биыл «Тұран» және «Мирас» шағынаудандарында инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын арттырып, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 97% нысан опрессовкадан өтіп, жылу жүйелерінің дайындығы пысықталды.

Аудан әкімі Алмас Абаевтың айтуынша, Қаратау ауданында инфрақұрылыммен қамту көрсеткіштерін 100 пайызға жеткізу – нақты мақсат. Бұл бағыттағы барлық жобалар мен құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде.

Previous Post

Шымкентте «Ақжар» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Next Post

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі