basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жастар

Жастарды еңбекке баулу – болашаққа салынған инвестиция

8 октября, 2025
in Жастар, Жаңалықтар, Жұмысшы мамандық
0
Жастарды еңбекке баулу – болашаққа салынған инвестиция
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Фото: ӨКҚ)

Еңбек — адам өмірінің мәні мен қоғам дамуының негізі. Ал жастарды еңбекке баулу – елдің ертеңіне жасалған ең маңызды қадамдардың бірі. Осы бағытта Шымкент қаласында мемлекеттік деңгейде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мегаполисте жастарды кәсіби тұрғыда шыңдау, алғашқы еңбек дағдыларын қалыптастыру және мамандыққа баулу мақсатында түрлі мемлекеттік жобалар табысты іске асуда.

Бүгінде мегаполисте «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» сияқты жобалар жас мамандардың еңбекке бейімделуіне, өз кәсібін игеріп, тұрақты табыс табуына зор мүмкіндік беріп отыр.

2025 жылы қала бойынша 2 251 жасты жұмыспен қамту жоспарланған болса, қазіргі таңда 1 592 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында нақты жұмыс орындарына жолданды. Бұл – мемлекет тарапынан жастардың еңбек нарығына енуіне жасалып отырған нақты қамқорлықтың айқын көрінісі.

Мәселен, №5 колледждің түлегі, «тоқымашы-оператор» мамандығын меңгерген Асхат Құнанбай оқуын тәмамдағаннан кейін Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық мансап орталығының жолдамасымен «Назар Текстиль» кілем тоқу фабрикасына жұмысқа орналасты.

– Қазіргі таңда фабрикада сүйікті мамандығым бойынша оператор болып еңбек етудемін. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымда жастардың көп болуы қуантады. Кәсіпорында қызметкерлерге көлік тасымалы мен ыстық тамақ қарастырылған. Мемлекеттік бағдарлама арқылы осындай мүмкіндік беріліп жатқаны – біз үшін үлкен қолдау, – дейді Асхат Құнанбай.

Асхат секілді еңбек жолын енді бастаған көптеген жас өз саласында тәжірибе жинақтап, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алуда. Бұл жобаның басты мақсаты да – жастарды кәсіби машыққа үйретіп, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру. Өндіріс орындарында, кәсіпорындар мен зауыттарда тәжірибе жинақтаған жас мамандар ел экономикасына нақты үлес қосып келеді.

«Жастар практикасы» бағдарламасымен қатар, биыл Шымкент қаласында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы да белсенді жүзеге асуда. Бұл жоба арқылы жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер тұрақты еңбек орнымен қамтамасыз етіліп, алғашқы кәсіби жолын бастайды. Жоспар бойынша биыл 1 161 жас қамтылмақ, бүгінде 330 жас алғашқы жұмыс орнын тапқан.

Осы бағдарламалар арқылы жастардың еңбекке деген құлшынысы артып, жұмысшы мамандықтарына қызығушылық қайта оянуда. Себебі бүгінде білікті токарь, дәнекерлеуші, тігінші, аспаз, құрылысшы, оператор секілді қолмен жұмыс істейтін кәсіп иелеріне сұраныс жоғары. Ал мұндай мамандардың барлығы өз ісін дәл осындай мемлекеттік жобалар арқылы бастау алған.

Бағдарламаға қатысу тәртібі де қарапайым: жастар Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде тіркеліп, тұрғылықты ауданындағы «Мансап» орталығына жүгінуі қажет. Мұнда оларға кеңес беріліп, мамандығына сай жұмыс орны ұсынылады.

Шымкент қаласының аудандарында орналасқан «Мансап» орталықтарының мекенжайлары:

  • Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3

  • Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106

  • Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201

  • Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89

  • Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50

Мемлекет қолға алған осындай жобалар – жастардың еңбекке араласуына жол ашып қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік пен табандылық қасиетін қалыптастырады. Себебі еңбек еткен адам ғана тәжірибе жинап, өмірлік мақсаттарына жетеді. Ал жұмысшы мамандығын игеру – ел дамуының негізін қалаушы басты күш екені сөзсіз.

Tags: жастаржұмыспен қамтуЖұмысшы мамандық
Previous Post

Шымкентте алғаш рет ұйқы безіне тіліксіз операция жасалды

Next Post

Воспитание трудолюбия у молодежи – инвестиция в будущее

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі