basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Премьер-министр Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысына қатысушылармен кездесу өткізд

10 октября, 2025
in Билік
0
Премьер-министр Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысына қатысушылармен кездесу өткізд
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/vhosts/basmedia.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 45
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді. Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді және аталған ұйымды өңірдегі экологиялық сипаттағы мәселелерді шешудің, трансшекаралық су пайдаланудың ұтымды әрі өзара тиімді құралдарының бірі ретінде қарастырады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Кездесуде Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі бірлескен шаралар, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында айтқан бастамалары шеңберінде талқыланды.
Олжас Бектенов өз сөзінде ХАҚҚ-қа қатысушы мемлекеттердің басшылары энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы бар су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың ұтымды тәсіліне басымдық беретінін атап өтті.
Осы жылдың вегетациялық кезеңі өте қиын өтті. Күрделі жағдайларға қарамастан, үкіметтердің сындарлы өзара іс-қимылы Арал теңізі бассейнінде тұрақты су режимін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Премьер-министр Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Үкіметтерінің басшыларына алғысын білдіріп, үйлестірілген жедел іс-қимылдар арқылы ғана елеулі шығындардың алдын алуға болатынын атап өтті.
«Әр елдің өз ұлттық мүддесі бар, біз оны қашан да қорғауға міндеттіміз. Бірақ біздің ортақ стратегиялық, ұзақмерзімді басым мақсатымыз тату көршілік қарым-қатынас екені сөзсіз. Күнделікті, қысқамерзімді міндеттерді шешуде біз ұзақмерзімді басымдықтарға нұқсан келтірмеуіміз керек. Мәселелерді әрқашан өзара тиімді әрі қолайлы негізде шешу үшін бірлескен шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстанның төрағалығы аясында жүргізілетін жұмыстың басым бағыттарының бірі – цифрлық трансформация және су саласында жасанды интеллектіні қолдану. ЖИ енгізу суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алудың, мониторинг жүргізудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы да атап өтілді.
Кездесу барысында, сондай-ақ Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Зиёзода Сулаймон, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Түрікменстан ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев сөз сөйледі.
Талқылауды қорытындылай келе, Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ашықтық, ынтымақтастық және сындарлы диалог қағидаттарына бейіл екенін нақтылады.

Previous Post

Труд водителя скорой помощи — служение жизни

Next Post

«Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі