basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қазақстан барысы – 2025»: Шымкенттік балуан жеңімпаз атанды

19 октября, 2025
in Жаңалықтар, Спорт
0
«Қазақстан барысы – 2025»: Шымкенттік балуан жеңімпаз атанды
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Фото: qazaqstan_barysy)

Қазақ күресінен өткен дәстүрлі ХV республикалық «Қазақстан барысы – 2025» турнирінде шымкенттік балуан Марат Байқамұров алтын белбеу мен бас жүлдені жеңіп алып, қазақ күресінің жаңа чемпионы ретінде тарихта қалды.

«Қазақстан барысы» турнирі – еліміздегі ең мәртебелі және аса ауқымды спорттық жарыстардың бірі саналады. Бұл додада елдің әр түкпірінен келген ең мықты балуандар бақ пен баптарын сынайды. Биылғы турнир де ерекше тартысты өтті.

Марат Байқамұров өзінің шеберлігі мен күш-жігерінің арқасында турнир барысында бірінен соң бірі бес қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға дейін сенімді түрде жетті. Шешуші белдесуінде ол Абай облысының үміті – Ерасыл Қажыбаевпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте басым түсіп, елдің басты балуаны атанды.

«Найман» деген лақап атпен танылған Марат Байқамұров финалда еш мүдірмей өнер көрсетіп, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Осылайша, ол тек өз атын ғана емес, бүкіл Шымкент спортын жаңа белеске көтерді.

Бұл жеңістің тарихи мәні ерекше. Себебі, қазақ күресінен ұйымдастырылатын «Қазақстан барысы» турнирі басталғалы бері шымкенттік балуан алғаш рет чемпион атанып отыр. Осыған дейін 2024 жылғы турнирде дәл осы Ерасыл Қажыбаев шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаровты финалда жеңіп кеткен еді. Биылғы нәтиже – сол кеткен есенің қайта алынғанының айғағы десек, артық емес.

Марат Байқамұров үшін бұл жеңіс – ұзақ жылдар бойы төгілген тер мен табанды еңбектің нәтижесі. Ол осы турнирге бұған дейін екі рет қатысқан болатын, алайда дәл осы үшінші мәрте ғана өзінің шын мәніндегі бабында екенін дәлелдеді.

Бұл жетістік – тек жеке жеңіс емес, сонымен қатар Шымкент қаласындағы спорт мектебінің, бапкерлер мен жас буын балуандардың әлеуетін көрсеткен зор жетістік. Мараттың табысы өңірдегі жас спортшыларға үлкен мотивация, ал ел спортында қазақ күресінің дамуына серпін беретіні анық.

Айта кетейік, жыл додасы Астана қаласындағы  Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Tags: балуанспортҚазақстан барысы
Previous Post

Люди труда, оберегающие природу

Next Post

Стадион имени Кажымукана обрел новый облик

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі