basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлеуметтік қызметшілер — мейірім мен жауапкершілік символы

22 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Фото: nadpo.ru)

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік сала қызметшілері күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – қоғамдағы ең осал топтарға қолдау көрсетіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған жандардың жанынан табылып, адамгершілік пен мейірімділікті басты қағида еткен мамандардың еңбегіне деген жоғары құрметтің белгісі.  Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1 913 әлеуметтік сала қызметкері бар. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек баспасөз мәслихаты кезінде айтты. 

Әлеуметтік сала қызметкерлері арасында 1 688 маман мүгедектігі бар балалар мен ересектерге, жалғызілікті қарттарға және өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын азаматтарға көмек көрсетуде. Сонымен қатар, 30 қызметкер отбасының беріктігін нығайту бағытында еңбек етсе, 195 әлеуметтік қызметкер халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы белсенділікті арттыру саласында жұмыс жасайды.

Қалада қазіргі таңда 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 1 санаторлық-курорттық қызмет көрсету орталығы, мүгедектігі бар азаматтарға арналған 1 әлеуметтік қолдау орталығы, 1 отбасын қолдау орталығы, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы мен әр ауданның мансап орталықтары халыққа қызмет көрсетуде. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын І-ІІ топтағы мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға көмек көрсетіледі. Қызметтер стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету және уақытша болу форматында ұйымдастырылған.

2025 жылдың 1 қазанына дейін қала бойынша жалпы 3 236 адам арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған. Оның ішінде стационар жағдайында – 752 адам, жартылай стационарда – 793 адам, уақытша болу жағдайында – 402 адам, ал үйде қызмет көрсету бойынша – 1 289 адам көмек алған,-деді қала әкімінің орынбасары.

Әлеуметтік салада ерекше орын алатын мекемелердің бірі – «Ізетті зейнеткер» коммуналды мемлекеттік мекемесі.

Жыл басынан бері бұл мекеме 1 772 еңбек ардагерін сауықтыру ұйымымен қамтыған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Тең қоғам» орталығы 2025 жылдың басынан бері 14 703 адамға қызмет көрсеткен,-деді Сәрсен Құранбек.

Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік қызметкерлері 2025 жылдың  тоғыз айында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөліп, Шымкент қаласы бойынша 7 051 отбасына 10 773 қызмет түрін ұсынды. Бұл – әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғамдағы қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсететін қамқорлығы мен қолдауының нақты көрінісі.

Шымкент қаласы әлеуметтік қызметшілері – қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін, мейірімділік пен жауапкершілік танытатын мамандар. Олар әрбір күндерін қиын жағдайдағы адамдарға көмек көрсетуге арнай отырып, қаланың әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарып келеді.

Tags: брифингСәрсен Құранбек
Previous Post

Семья - трудовой пример для подражания

Next Post

Социальные работники – символ заботы и ответственности

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі