basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Республика күні кең көлемде атап өтілді

24 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шымкентте Республика күні кең көлемде атап өтілді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

(Фото: Шымкент қ. әкімдігі)

Биыл Қазақстанның Егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. 1990 жылы 25 қазанда еліміздің тарихында ерекше орын алған, халқымыздың дербес, тәуелсіз мемлекет болуына жол ашқан маңызды құжат – Егемендік декларациясы қабылданған болатын. Сол себепті бұл күнді халқымыз үшін қастерлі, тарихи маңызы зор мереке деп бағалауға болады. Осы ретте Шымкент қаласында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, түрлі еңбек ұжымдарының өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты. Қала басшысы барша қатысушыларды еліміздің тарихында маңызды орын алған мерекемен шын жүректен құттықтап, халқымыздың бірлігін, еліміздің тұрақтылығы мен дамуын атап өтті.

Салтанатты шара барысында бірқатар азаматқа Президент атынан мемлекеттік марапаттар табыс етіліп, белгілі азаматтарға қала әкімінің алғыс хаттары берілді. Бұл – елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды қолдаудың, олардың еңбегін бағалаудың нақты көрінісі болды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде бүгінгі таңда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде саяси-экономикалық жаңару кезеңі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде саяси — экономикалық жаңару кезеңі жүруде. 2025 жыл «Еңбек адамы мен жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, қарапайым еңбеккерлер мен жұмысшылардың мәртебесін арттыруға күш салынуда. Себебі, еңбек адамы – ел дамуының тірегі, — деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Ғ.Әбдімәжитұлы Шымкенттің бүгінгі таңда білім, инновация және заманауи инфрақұрылым орталығы ретінде қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Соңғы үш жыл ішінде қалаға 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, бұл қаржы өндіріс пен құрылыс салаларының дамуына айтарлықтай серпін берді. Өнеркәсіп саласында 2023 жылдан бері 3,4 триллион теңгеге өнім өндіріліп, қаланың экономикалық әлеуеті айтарлықтай артты.

Халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қаланың бюджеттік мүмкіндіктері алғаш рет 895 миллиард теңгеге жетіп, оның 50 пайызы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды. Мұның барлығы – жұмысшылардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің, кәсіпкерлердің қажырлы еңбегі нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Қала әкімі атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз – Отанымыз, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуі үшін аянбай еңбек ету. Басты мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың өмір сапасын арттыру және қаламыздың дамуына өз үлесімізді қосу.

Мерекелік іс-шараның соңы көрермендерді қуанышқа бөлеген, мерекелік көңіл-күй сыйлаған танымал өнерпаздардың концертімен жалғасты. Концерт барысында қатысушылар ән мен би, рухты шығармалар арқылы мерекенің атмосферасына бөленіп, елдің бірлігін, татулығын және Қазақстанның гүлденуіне деген сенімін атап өтті.

 

Tags: Республика күні
Previous Post

В Шымкенте широко отметили День Республики

Next Post

Жұмысшы мамандықтар жылы: Мамандық пен шеберліктің биігі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі