basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік балуан Марат Байқамұров– «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде жеңімпаз атанды

22 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен дәстүрлі XV республикалық «Қазақстан барысы – 2025» турнирінде Шымкент қаласының намысын қорғаған балуан Марат Байқамұров жеңімпаз атанды. Қазақ күресі жанкүйерлері көптен күткен додада ол финалдық белдесуде Абай облысының мықтысы Ерасыл Қажыбаевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Финалға дейінгі жолда Марат бес қарсыласын бірінен соң бірін таза жеңіп, өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. «Найман» лақап атымен танылған спортшы шешуші сында да қорғанысы мықты қарсыласына еш мүмкіндік бермей, алтын белбеу мен «Қазақстан барысы» атағын иеленді. Бұл жеңіс – оның кәсіби шеберлігі мен табандылығының, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы төгілген еңбектің нәтижесі екені сөзсіз.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» турнирі тарихында алғаш рет Шымкент қаласынан шыққан балуан чемпион атанып отыр. Сондықтан Байқамұровтың жеңісі Шымкент спорты үшін тарихи оқиға саналады. Бұған дейін, 2024 жылғы турнирдің финалында дәл осы Ерасыл Қажыбаев шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаровты ұтқан болатын. Биылғы белдесу сол кездесудің «реваншы» іспеттес өтіп, Марат Байқамұров қала спортшыларының абыройын қорғай білді.

Бұл жетістік тек спортшының ғана емес, Шымкенттегі қазақ күресі мектебінің әлеуетін дәлелдеген маңызды нәтиже болып отыр. Бапкерлер еңбегі, дайындық жүйесі мен спорт инфрақұрылымының дамуының нақты жемісі ретінде бағалануда. Айта кетерлігі, бұл Байқамұровтың «Қазақстан барысы» бәсекесіне үшінші рет қатысуы және осы жолы ол өзінің ең жоғары нәтижесіне қол жеткізді.

Шымкент қалалық спорт басқармасы бұл жеңісті өңір спортшылары үшін үлкен мотивация деп атап өтуде. Ал жанкүйерлер Байқамұровтың тарихи жеңісі жерлестерінің мерейін тасытқанын айтып, спортшыға алдағы халықаралық жарыстарда да толағай табыстар тілеп отыр.

Previous Post

Қазақстанның бітімгершілік рөлі: Ереван мен Бакудің жақындасуына қосқан үлесі

Next Post

Республика күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді 

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі