basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған салалық жиын өтті. Қалалық диагностикалық орталықтың мәжіліс залында ұйымдастырылған кездесуге қаладағы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, дәрігерлер және медицина саласының өзге де қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланып, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық келісімді нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға тигізер ықпалына ерекше назар аударылды.
Кездесуде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов және Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибеков баяндама жасады.
Арман Сәбитов өз сөзінде Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғау мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалғанын атап өтті.
– Жаңа Ата Заң қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтереді. «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң және тәртіп» қағидаттарының Конституцияда нақты көрініс табуы барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінде де ашықтық пен жауапкершілікті күшейтеді. Бұл өз кезегінде халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді қала әкімінің орынбасары.
Өз кезегінде Қайрат Қалибеков конституциялық реформалардың медицина саласының дамуына серпін беретінін атап өтті.
– Жаңа Конституцияда адам капиталы, білім мен ғылым мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды. Бұл медицина қызметкерлерінің еңбегін әділ бағалауға, кадр даярлау жүйесін жетілдіруге және саланың тұрақты дамуына берік негіз қалайды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі пациент пен медицина ұйымдары арасындағы сенімді нығайтады, – деді басқарма басшысы.
Жиынға салалық басқарма өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты аумақтық департаменттердің қызметкерлері, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өкілдері қатысты.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар Конституция жобасындағы бірқатар нормаларға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе, адам құқықтарын қорғау, қоғамдық диалогты дамыту және әлеуметтік саланың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиын қорытындысында қатысушылар Жаңа Конституция жобасы елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және әлеуметтік саланы жүйелі дамытуға мүмкіндік беретіні жөнінде ортақ пікірге келді. Сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасының ел дамуындағы тарихи маңызы атап өтіліп, қатысушылар тарапынан оған қолдау білдірілді.

Previous Post

«Мирас» университетінің жастары Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Next Post

НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: КЛЮЧЕВЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ПРИОРИТЕТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі