basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттегі «Алаш» базарында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

11 февраля, 2026
in Қоғам
0
Шымкенттегі «Алаш» базарында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Алаш» базарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында жоба аясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар жан-жақты таныстырылды.
Кездесуде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Алтай Ордабеков сөз сөйлеп, жаңа Ата Заң жобасының мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияда адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Бұл бастамалар елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар спикер жаңа редакцияда кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық кепілдіктерге ерекше мән берілгенін атап өтті. Меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру бизнес субъектілері үшін тұрақты әрі болжамды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесуге базар қызметкерлері мен кәсіпкерлері белсенді қатысып, жоба аясындағы бірқатар нормалар бойынша сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, жер қатынастары, салық саясаты және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулердің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндірумен қатар, азаматтардың ұсыныстарын жинақтап, қоғамдық талқылауға белсенді тарту. Шара қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

Previous Post

Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды

Next Post

«Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі