basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте қоғамдық көлік жүйесінің жаңа концепциясы қабылданды

Тамыз 1, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте қоғамдық көлік жүйесінің жаңа концепциясы қабылданды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды.
Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады, жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық жүйе енгізіледі.
Қала әкімі аталған тұжырымдаманы мақұлдап, жаңа жүйеге кезең кезеңімен көшуді және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
-Бұл жүйе қала ішіндегі кептелістің азаюына, тұрғындардың діттеген жеріне тез жетуіне, жемқорлықтың алдын алуға, «Smart city» жүйесіне тезірек көшуге мүмкіндік береді,-деді М.Әйтенов.
Аталған концепция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлкен септігін тигізеді. Енді жүргізушілер арнайы курстардан өтіп, кондукторлардың қызметі қатаң тексерілетін болады. Сондай-ақ диспетчерлеу арқылы автобус арасындағы жиілік сақталып, аялдамаға тоқтамайтын жүргізушілер қадағаланады. Бұдан бөлек, сауда орталықтары мен мектеп және басқа да адам көп шоғырланатын аялдамалар реттеліп, шағын аудандарға қатынау жеңілдейді.

Previous Post

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Next Post

Шымкент: «Birgemiz» қорымен шымкенттік 40 мың отбасыға бір реттік көмек берілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі