basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Білім

«Ғылым, білім және шығармашылық – Конституциялық дамудың стратегиялық негізі»

23 февраля, 2026
in Білім
0
«Ғылым, білім және шығармашылық – Конституциялық дамудың стратегиялық негізі»
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Ғылым, білім және шығармашылық – Конституциялық дамудың стратегиялық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жаңа Конституцияның мазмұны мен негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған басқосу оқытушылар мен студент жастардың ашық пікір алмасу алаңына айналды.
Іс-шара барысында университеттің тәрбие жұмыстары және жастар ісі департаментінің директоры Қайрат Анарбаев Жаңа Конституциядағы басымдықтарға кеңінен тоқталды. Ол адами әлеуетті дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, білім мен ғылымның стратегиялық бағдар ретінде айқындалуын маңызды қадам ретінде бағалады.
– Мемлекет дамуының тірегі – сапалы білім мен бәсекеге қабілетті ғылым. Жаңа Конституцияда адами капиталды дамытуға айрықша мән беріліп отыр. Бұл – ұзақмерзімді ұлттық мүддені көздейтін шешім, – деді спикер.
Қайрат Анарбаев бұрынғы және Жаңа Конституция нормаларын салыстыра отырып, мемлекеттік білім беру стандарттарына қатысты өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, жаңа редакцияда білім беру жүйесінің зайырлы сипаты нақты айқындалған. Бұл білім беру саласының діни наным-сенімдерден бейтараптығын қамтамасыз ететін құқықтық негізді күшейтеді.
Жиында Конституцияның өзге тарауларындағы елеулі өзгерістер де сөз болды. Дін мен мемлекеттің арақатынасы нақты құқықтық шеңберде айқындалып, зайырлы қоғам құру қағидаты бекітілгені атап өтілді. Сонымен қатар, қабылданатын заңнамалық актілердің барлығы Жаңа Ата Заң талаптарына сәйкес жүйеленетіні айтылды.
Білім беру саласындағы құқықтық қатынастарға да ерекше назар аударылды. Спикердің сөзінше, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен білім беру ұйымы арасындағы қарым-қатынастар заң аясында реттелуі тиіс. Бұл білім сапасын арттырумен қатар, өзара жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.
Дөңгелек үстелде университет оқытушылары Мәди Бесбаев пен Ғазиза Марина сөз сөйлеп, Конституцияның жекелеген баптарын түсіндірді. Олар адам құқықтарын қорғау, зайырлылық қағидаты, ғылым мен шығармашылық еркіндігіне қатысты нормалардың маңызын атап өтіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Жиын қорытындысында қатысушылар ғылым мен шығармашылықтың еркін дамуы конституциялық негіздің беріктігімен тікелей байланысты деген ортақ пікірге келді. Заң үстемдігі орныққан жағдайда ғана ой еркіндігіне, ізденіс пен жаңашылдыққа кең жол ашылатыны айтылды.
Қатысушылар Жаңа Конституция елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық құжат екеніне тоқталып, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді және ғылым мен білімге басымдық беру мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі фактор екенін атап өтті.

Previous Post

КОНСТИТУЦИЯ: ЕСКІ ЖӘНЕ ЖАҢА НҰСҚАНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ

Next Post

Конституциялық реформаның мәні еңбек ұжымына кеңінен түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі