basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

12 марта, 2026
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады
Шымкент қаласында медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қалада заманауи диагностикалық жабдықтарды жаңарту және күрделі медици
налық көмекті жетілдіру арқылы тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілуде.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі медициналық ұйымға заманауи компьютерлік томография (КТ) аппараты сатып алынып, пайдалануға берілді. Жаңа диагностикалық құрылғылар ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК мен ШЖҚ «Онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана» МКК-да орнатылды.
Компьютерлік томография – ағзадағы түрлі патологиялық өзгерістерді жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық әдістердің бірі. Жаңа аппараттардың көмегімен дәрігерлер науқастарға нақты әрі жедел диагноз қойып, тиімді ем тағайындай алады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін қысқа уақыт ішінде алу мүмкіндігі клиникалық шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді. Аталған құрылғылар бұрын пайдаланылған ескі КТ аппараттарының орнына жаңартылып орнатылды. Бұл медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, тұрғындарға көрсетілетін жоғары технологиялық диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бүгінде Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда жалпы 26 компьютерлік томография аппараты жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдарда орнатылған. Қалалық балалар клиникалық ауруханасы тәулік бойы 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетсе, онкологиялық орталық қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға мамандандырылған көмек көрсететін жетекші медициналық ұйымдардың бірі болып табылады.
Медициналық инфрақұрылымды жаңарту мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігі нақты нәтижесін де көрсетуде. Жуырда ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген 31 жастағы науқас дәрігерлердің қажырлы еңбегінің арқасында өмірге қайта оралды.
Мотоциклмен болған апаттан кейін науқас аса ауыр жарақаттармен түскен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше күрделі операция жасап, 35 күн бойы науқастың өмірі үшін күресті. Өмір мен өлімнің арасында жатқан пациент бүгін көзін ашып, есін жиып, өздігінен тамақ іше бастады.
Науқасқа ауыр қосарланған жарақат, жабық бас-ми жарақаты, бас миының ауыр дәрежедегі соғылуы, бас сүйек сүйектерінің сынуы, эпидуралды және субдуралды гематомалар, кеуде қуысының жабық жарақаты, қабырғалардың сынуы, өкпенің соғылуы және бас миының ісінуі секілді күрделі диагноздар қойылған. Дәрігерлер бас сүйегіне трепанация жасап, сол жақ төбе аймағындағы жедел эпидуралды гематоманы алып тастаған. Бұл жағдай дәрігерлердің кәсібилігі мен табандылығының, сондай-ақ адамның өмірге деген күшті ерік-жігерінің айқын дәлелі болды. Жалпы, Шымкент қаласында медициналық жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңарту, заманауи технологияларды енгізу және мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға, ауруларды ерте анықтауға және адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр.
Previous Post

РЕФЕРЕНДУМ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙ ТЕКСЕРІЛДІ

Next Post

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі