basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ЕЛ МЕРЕЙІН АСҚАҚТАТТЫ

12 марта, 2026
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ЕЛ МЕРЕЙІН АСҚАҚТАТТЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласының спортшылары халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына бірқатар жүлде салды. Грек-рим күресі мен бокс бойынша өткен беделді турнирлерде шымкенттік спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстанның спорттағы беделін арттыра түсті.
Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен өткен Muhamet Malo рейтингтік турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен екі жүлдеге ие болды. 67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мейіржан Шермағанбет финалдық белдесуде грузиялық Диего Чхиквадзені жеңіп, алтын медальді жеңіп алды. Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына грек-рим күресінен алғашқы алтын жүлдені салды. Ал 63 келі салмақта белдескен Ернұр Фидахметов турнир қорытындысы бойынша қола медаль иеленді. Айта кетейік, аталған додаға әлемнің 29 елінен 177 спортшы қатысып, жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар, Болгария Республикасының астанасы София қаласында 2025 жылғы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткен дәстүрлі «Странджа» халықаралық бокс турнирінде де шымкенттік спортшылар табысты өнер көрсетті. Беделді жарыста қала спортшылары 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова финалда Ұлыбритания өкілі Лорен Маккиді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Элина жарыс барысында Аустралия, Түркия және Қазақстан спортшыларын жеңіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Сондай-ақ 65 келі салмақ дәрежесінде 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Лаура Есенкелді финалда Өзбекстан өкілі, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Навбахор Хамидовамен кездесіп, күміс медаль иеленді. Айта кету керек, Лаура жартылай финалда Ирландия спортшысын 4:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Жалпы биылғы «Странджа» турниріне 31 елден 338 боксшы (209 ер, 129 әйел) қатысып, жоғары бәсекелестік жағдайында өтті. Шымкент қаласының спортшылары көрсеткен нәтижелер олардың кәсіби шеберлігі мен тыңғылықты дайындығын айқындап, қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын дәлелдейді.
Previous Post

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

Next Post

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі