basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРДЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

12 марта, 2026
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРДЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында кәсіптік оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2026 жылы қала бойынша 610 жұмыссыз тұрғынды кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінгі таңда арнайы құрылған комиссияның шешімімен 420 жұмыссыз азаматты оқыту үшін 33 мекеме бекітілді. Оның ішінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқытуға 14 мекемеге 160 тұрғын, ал білім беру ұйымдары базасында 19 мекемеге 260 жұмыссыз азамат жолданады. Қалған 190 орын бойынша алдағы уақытта мекемелерден өтініштер қабылданып, комиссия қарауына ұсынылатын болады.
Кәсіптік оқуға қатысу үшін азаматтар алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Сонымен қатар, жеке куәлік, шәкіртақы алуға арналған жеке есепшот нөмірі, 075 нысандағы медициналық анықтама және білімі туралы құжат (бар болған жағдайда) талап етіледі.
Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқу мерзімі – 3 ай. Оның ішінде 1 ай теориялық сабақтарға, ал 2 айы өндірістік тәжірибеге арналған. Ал жұмыс берушілердің жұмыс орындарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысатын тұрғындарға ай сайын 86 500 теңге (20 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде жалақы төленеді.
Оқуды аяқтаған азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар. Бағдарлама аясында тігінші, арнайы тігінші, кестелеуші, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиешінің көмекшісі, визажист, шаштараз-стилист, электронды есептеу машинасының операторы, пішуші, кеңсе менеджері, қолмен тоқу шебері, киім дизайнері және наубай сияқты бірқатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі.
Оқуға қатысу үшін тұрғындар тіркелген мекенжайы бойынша аудандық мансап орталықтарына барып, өтініш бере алады. Мансап орталықтарының мекенжайлары төмендегідей:
– Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
– Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
– Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
– Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
– Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі