basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

19 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау және тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Осы мақсатта қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге жарамды шикізатты өндірістік айналымға енгізу көзделіп отыр.
Бүгін қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында полигонды дамыту және қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесін енгізу жобасы таныстырылды.
Жобаға сәйкес, «Turan Tazalyq» ЖШС 17 гектар аумақта заманауи сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын қалыптастыруды жоспарлап отыр. Арнайы технологиялық желілер арқылы пластик, қағаз, картон, металл және басқа да қайта өңдеуге жарамды қалдықтар сұрыпталып, әрі қарай өңдеуге жіберілмек.
Жобаның іске асуы полигонға түсетін қалдық көлемін азайтып, қайта өңделетін шикізат үлесін арттыруға және қоршаған ортаға түсетін кері әсерді төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалада қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыруға жол ашады.
-Түркістан — таза әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қала болуы керек. Сондықтан қалдықтарды басқаруда заманауи технологияларды енгізіп, қайта өңдеу үлесін арттырумен қатар барлық мәселелерін жан-жақты ескеру аса маңызды. Жоба экологиялық талаптарға толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс», — деп атап өтті шаһар басшысы.
Tags: Turan TazalyqТүркістан қаласыӘзімбек Пазылбекұлы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ» ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 100 ЖЫЛ

Next Post

«БАЛАУСА» ЛАГЕРІНДЕ БИЫЛ 2450 БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН КӨҢІЛДІ ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі